"Акварель өзені" көрмесі
№ 9 ЖОБМГ оқушылары Байкенова Галина Знайдановнамен бірге 6 қазанда Торайғыров атындағы кітапханада өткен "Акварель өзені" көрмесіне барды. Онда суретшілер арасында біздің түлегіміз Резник-Маликова Ирина да болды, ол да өз суреттерін ұсынды. Біздің оқушылар суретші Ирина Маликовадан сұхбат алды. Операторлар 9 сынып оқушылары Янышева Алсу және Смағұлов Медеу болды. Біздің мектептен бұл іс-шараға 20-дан астам адам қатысты. 9 мектеп-гимназиясының оқушылары өнерге үлкен қызығушылық танытып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде!