Сенім телефоны
31-66-62
email: soshg9@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі 15:00 - 17:00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЭБК

ЭКМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ.

Оқушылардың экологиялық мәдениеті, шығармашылық белсенділігі- орта мектепте география мен биологияны оқытудың маңызды мақсаты.Оқушылардың қабылетін дамыту мен экологиялық мәдениетін, пәнге деген қызығушылығын тәрбиелеудің ең бір мүмкіндігі география мен биология бойынша сабақта және сабақтан тыс жұмыстардың кеңінен қолданылуында жатыр. Бұл жұмыста есептер шығарудағы ізденіс үдерісіне талдауға, оқушыларды шығармашылық жұмысқа, жалпылауға,мамандандыруға баулуМектептің клесімаңызды мақсаты әр оқушының қабылетін дамыту болып табылады. Қоғамға дарында адамдар ауадай қажет, бірақ кез келген адам өз қабылетін дамыта алмайды. сол қабылеттерді іске асыру негізін дайындау мектептің міндеті. Мектептің әр оқушының бойынан оның өзіне тән ерекшелігін іздеп тауып, оған қоғамда өз орнын табуға қолдау көрсетумен айналысуы керек екені жаңалық емес. Шығармашылыққа, жаңалық ашуға ұмтылыс мектеп қабырғасында пайда болады. Тіпті бастауыш мектепте энциклопедиалық сөздіктер мен арнаулы әдебиеттер оқитын оқушыларды кездестіруге болады. Сондықтан орта буында математиканың түрлі салаларына қызығушылық тудыратын барлық оқушыларды анықтап,олардың қабылеттерін, өмірлік жоспарларын жүзеге асыруға,шығармашылыққа талғамын қалыптастыруға жәрдем беру қажет.Осы мақсатта ЭКМ орталығы құрылып жұмыс істейді. Орталық жұмысының басты ережесі-ешкімге қысым көрсетпей, бар қызметін оқу-шылардың қызығушылығы мен қалауы негізінде құру, әр оқушыға өзін көрсету, өзінің қабылетін ашып дамыту,өзінің маңыздылығын, шығармашылыққа. Ғылыми жұмысқа деген қабылетін сезінуге мүмкіндік беру. Балалар зерттеу және шығармашылық жұмыстардың әдістерімен танысу мүмкіндігіне ие болады, қарым-қатынасқа, ұжымда жұмыс істеуге үйренеді. Орталықтың жұмысына қатысу мектеп оқушыларына түрлі іштей және сырттай өткізілетін олимпиадаларға, сайыстарға қатысуға мүмкіндік береді. Ең соңында, бұл жұмыстар мектеп бітірушіге кәсіби бағдар алу мәселесін шешуге көмектеседі.

ЭКМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫС ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ.

Мақсаты: патриотизмді, Отанға, туған өлкеге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың қабылеттерін, пәнге қызығушылығын, өзін өзі анытауға, біліктілігі мен дағдысын жетілдіру арқылы өзін өзі жүзеге асыруға жағдай жасау.

Бағыттары:

1. Эколгиялық, экономикалық, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

2. Дүниетануға және жаратылыстану-математикалық пәндерді тереңдете оқу қызығушылығын тәрбиелеу.

3. Пәндерді тереңдетің оқытуға, оздыра оқытуға, пән мазмұнын кеңейте оқытуға бейімделген бағдарламалар енгізу (арнайы курстар, үйірмелер).

4. ЭКМ айлығын, олимпиадалар, зияткерлік марафондар, шығармашылық сайыстар, экологиялық науқандар өткізу.

5. Ақпараттық технологияларды белсенді енгізу.

6. Экологиялық мәдениетті, балалардың сайыстарға қатысуын қадағалау.

7. Кезеңдік басылымды, мектеп сайтын орталықтың жұмысы туралы ақпараттандыру.

ЭКМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ.

1. Пәндер бойынша оқу және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.

2. Оқушылардың қызметін олардың түрлі олимпиадаларға және шығармашылық сайыстарға, экологиялық науқандарға дайындық мақсатында ұйымдастырады.

3. Неғұрлым дарынды оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабылеттерін дамыту.

ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

ЭКМ құқығы бар: - оқу-әдістемелік ұсыныстар шығаруға; - оқытудың түрлі әдістері мен технологияларын қолдануға

ОРТАЛЫҚ ЖАУАПТЫ:

1. Оқу үдерісін ұйымдастыруға.

2. Оқу үдерісін сапасына. Пән циклдері: география, биология.