Сенім телефоны
31-66-62
email: soshg9@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі 15:00 - 17:00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Библиотека в жизни школы

Мектеп  кітапханасының жұмысына талдау

 Кітапхана  қызметі «Кітапхана туралы ережеге» сәйкес қойылған. Оқырмандар баспа, электрондық басылымдарды алып уақытша пайдаланады.

Сондай-ақ библиографиялық және анықтамалы-ақпараттық қызмет көрсетіледі. Көпшілік іс-шараларына белсенді қатысады.

         Кітапханада «Жұмыс күнделігі» үнемі жүргізіледі. Күнделікте оқырман топтарының  саны мен құрамы, берілгенбаспа көлемі ескеріледі.

Кітапхана жұмысында балаларды кітап оқуға тарту, кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеудің әртүрлі әдістері мен түрлері қолданылады.

         Кітап оқуды насихаттау және кітап оқитын адамның  абыройын арттыру мақсатында әртүрлі іс-шаралар  өткізіледі: ойындар, викториналар, экскурсиялар, тұсаукесерлер.

         Кіріктірілген сабақтар, әдебиет сағаттары, ой - толғау сағаттары, таным сабақтары, ауызша журнал,ақпарат күні, консультаций, библиографиялық шолу, көрмелер т.б. Кітапхана дайындаған электрондық тұсаукесер қолданылған ірірек іс-шаралар:

  • «Соғыспен  балалар» ауызша журнал
  • «О.Бөкеевтің өмірі мен шығармашылығы»  әдебиет сағаты («Бір ел- бір кітап»)
  • « Тәуелсіздік, бейбітшілік және үміт рәміздері» толғану сағаты
  • «Қазақ ертегілерінің сиқырлы қобдишасы» ойын- оқуы
  • «П.Васильев» әдебиет сағаты
  • Қазақстан Тәуелсіздігінің  20 жылдығына арналған «Менің елім- Ұлы Қазақстан» викторинасы
  • «Қауіпсіздік әліппесі» таным сағаты
  • «Кітаптар еліне саяхат» оқырмандары қатарына алу
  • «Наурыз – бейбітшілік пен  мейірімділік мерекесі» викторинасы

Балалар бұл жұмыстарға белсенді қатысады. Кітапханашы мен мұғалімдер әр балаға қызықты болу үшін, өзін тұлға ретінде ашып, көп білуге жағдай тудыру үшін барлық күштерін, білімін, қиялын салады.

         Мектепте инновациялық тәрбие жұмыстарының түрі қолданылып өткізілетін денсаулық,ғылым және т.б. айлықтар жүйелі өтеді.Учитываются инновационные формы воспитательной работы, практикуемые в школе месячники здоровья, науки, и т. д., что позволяет системно проводить мероприятия

 

  

 Жеке, көпшілік жұмыс, ақпараттық мәдениет сабақтары арқылы кітап оқуға , оқу мәдениетін, тәуелсіз кітапхана пайдаланушысының біліктілігі мен дағдысын қалыптастырады.

Жоғарғы сынып оқушыларыкөбіне бағадарлама әдебиеттерін оқиды, ал кітапхананың кітап қоры  оқушылардың барлық сұранысын қанағаттандырмайды. Кітапхана көпшілік іс-шараларын  оқушыларды кітап оқуға тарту,олардың ой-өрісін дамыту, сабаққа дайындалуға көмек көрсету мақсатында өткізді.

Кітапқа  ұқыпты қарап, кітап қорын сақтауға баулу мақсатында « Көп жаса,кітап», «Өмірің қалай, кітап?» операциялары өткізілді. Бұл іс-шараларды өткізуде жоғарғы сынып оқушыларының, сынып оқушыларының кеңесі көп көмек береді. 

     Ең көп тараған  кітапхана көрнектілігікітап көрмесі, айтулы мерей күндерге байланысты, еліміздің өміріндегі өзекті, мәнді уақиғаларына ол үнемі өзгеріп отырады.

        Көрмелік стеллаждарда ірі көрмелер ресімделген:

  • «Тәуелсіздік- киелі ұғым / Тәуелсіздік белгісімен»- көрме-экспозициясы;
  •  «Бір отбасында» көрмесі
  • « Мерейгер кітаптар» көрме-экспозициясы;
  • «Бұл Жеңіс күні»- Ұлы Отан соғысы туралы әдебиетке шолу – көрмесі»
  • «Жаңа жылдық идеялар жәрменкесі» көрмесі
  • «Әдебиет калейдоскопы» көрме-экспозициясы;

   

Жариялы көрмелік сөрелер:  «Қазақстан жазушылары-балаларға», «Қазақ ертегілері» «Табиғатқа саяхат», « Екі тілде оқимыз», « Менің туған жерім-Қазақстан», «Балалар бестселері», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі –қасиетті мұра», «Құқықтану бұрышы»,  (Көгілдір планетаға  өмір», «Дүние жүзілік балалар әдебиеті», «Тарих. Тұлға.Заман»,  «Сенің денсаулығың өзіңнің қолыңда».

         Картотекалар педагогтар мен оқушылар үшін журналдардан карточкалармен толықтырылады.Жинақ папкалары бар. Мұндай папкалар әрқашан толықтырылып отырады: « Жаңа жыл аулада», «Сендер үшін, ата-аналар», «Сіздің құқықтарыңыз», «Біз салауатты өмір салты үшін».