Мұғалім жұмысының тиімділігін арттыру мақсатымен мұғалім рейтингі енгізілген. Аталған рейтингтік жүйенің мұғалімге беретін мүмкіндіктері: өз жұмысының нақтылы нәтижелерін, олардың ұжымдағы орнын анықтау; өз резервін көру; үздіксіз білімін жетілдіру, кәсіби біліктілігін арттыруға ынталы болу.
Мектеп әкімшілігіне берер мүмкіндіктер: мұғалімнің еңбегінің нәтижесіне үздіксіз диагноз қою; мұғалімнің нақтылы нәтижелеріне сәйкес ынталандыру жүйесін жетілдіру; даралау және саралау негізінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Рейтингтің қорытындысы 2 кезеңмен жасалады.
Бірінші кезең(2012 жылғы 21 мамырда) - ӘБ деңгейінде әр мұғалім өзінің педагогикалық қызметінің нәтижесін ұсынады. Барлық жинаған ұпайлары жинақ кестесіне енгізіледі (Excel- де). ӘБ-те орта ұпай шығарылады.
Екінші кезең(2012 жылғы 26 мамырда) – ҒӘҚ деңгейінде ӘБ-тің жетекшілері растау құжаттарын (семинарлар бағдарламасын, грамоталар мен алғыс хаттарды, арнаулы курстар мен факультативтердің бағдарламаларын ) көрсете отырып әр мұғалімнің ұпайын қорғайды. Мәліметтерге шек келтірілмеу ӘБ жетекшісінің және жетелеуші оқу ісі меңгерушісінің жауапкершілігінде.
ҒӘҚ қорытындысы бойынша анықталады:
-ең жақсы жыл ӘБ (1,2,3орындар)
-ең жақсы жыл мұғалімі (гран-при – 1; 1орын-2, 3 орын – 5), өзін өзі бақылау сенімі беріледі.
- шығармашылық белсенділігі төмен (ұжымның 10% ) бөлігі жеке бақылауға алынады.