«Clever Heads».
2012 жылғы 20 ақпанда 5г сыныпта «Clever Heads» КТК өтті. Сыныптар 3 командаға бөлінді. Әр команда өзіне капитан таңдап,өздеріне ат және ұран анықтап алды. КТК командалардың сәлем беруімен басталды, содан кеиін капитандар сайысы болды. Тапсырмалар тартымды қызық болды. Балалар «Сиқырлы квадратпен» жұмыс жасады, олар мамандық тауып таңдау керек еді; дұрыс сөйлем құруды үйреніп, «Whatisthetime?» диалогын құрастырды. «Дұрыс таңдау жаса» викторинасы олардың Британияны қаншалықты жақсы білетінін көрсетті. «Whitedragons» командасы ең жақсы команда ретінде көрініп, жеңімпаз атанды. Құттықтаймыз!