"Адам құқығы - бала құқығы".
№9 жалпы орта білім беру гимназия мектебінде құқық айлығы төңірегінде 16-18 қаңтар аралығында мектеп оқушыларына бала құқықтары туралы мол мағлұмат беру мақсатымен "Адам құқығы - бала құқығы" атты үгіт бригадасы ұйымдастырылды. Айта кетсек, үгіт бригадасының құрамында 6 "В" сынып оқушылары Арынова Анель, Федотова Дарья, Базавод Алена, Гомарова Анель болды. Олар бастауыш сынып оқушыларына қазақ және орыс тілдерінде бала құқықтары мен міндеттері туралы мазмұнды ақпарат айтты. Оқушылар қызығушылық таныта зейін қойып тындап, өз пікірлерін білдірді.