«Жарқын болашақ» Х республикалық олимпиадасы.
Олимпиадаға қазақ және өзге ұлт өкілдері қатысты. «Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыту.
«Жарқын болашақ» олимпиадасының қорытындысы бойынша «Әнші-бұлбұлдар» бағытында Жанар Дұғалованың «Ізін көрем» әнін ашық даусымен, әдемі орындауымен барлық қатысушылардың назарын аударған №9 гимназия-мектебінің 7-сынып оқушысы Алиса Козолуп ІІ дәрежелі дипломға ие болды.