Сыртқы факторлардың әсерінен адам ағзасындағы зақымданулар, біз бір сөзбен – жарақат деп атаймыз.
Балалардың жарақаттануы - бұл ата-ананың да, баланың да өмірін түбірімен өзгерте алатын үлкен проблема.
Статистика бойынша жарақат негізінен кіші мектеп жасындағы (7-11 жас) балаларда болады. Ұлдардың жарақаттары қыздарға қарағанда әлдеқайда жиі (70%) болады.
Жарақаттар үш жастан асқан балалар өлімінің басты себептерінің бірі болып табылады. Әлемде әр түрлі инфекцияға қарағанда жазатайым оқиғалардан көп бала өледі.
Балалар жарақаттануының негізгі себептері көп емес:
Негізгісі- нақты жағдайларда қорқынышты ештеңе орын алуы мүмкін емес деп ойлайтын ересектердің бейқамдығы.
Екіншісі-лауазымды тұлғалар немесе балалардың ата-аналары болсын өз міндеттерін тиісінше орындамайтын ересектердің салғырттығы.
Сонымен қатар, балалардың жарақаттану деңгейіне балалардың тәртіптілігі де үлкен әсер етеді.
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті осы мақалада электр тогынан болатын балалардың жарақаттануының алдын алудың кейбір мәселелері туралы баяндайды.