21 қыркүйек күні Павлодар қаласының НЗМ-де педагогикалық тәжірибе шеңберінде биология пәнінен "Қазақстан суқоймаларының экологиялық проблемалары" сыныптан тыс іс-шарасы өтті. Шараны Марғұлан университетінің "Биология" білім бағдарламасының 3 курс студенттері ұйымдастырды. Іс-шарада А. Шамкенов атындағы мектеп-лицейінің биология мұғалімі Е.Л. Чайковская құрастырған "Водополия" ойыны пайдаланылды. Ойынның мақсаты - экологиялық кәсіпкерлікті дамыту әрі жастарды Қазақстанның су ресурстарының сақталуын қамтамасыз етуге баулу болып табылады. Қатысушылар өздерінің ұйымшылдығы мен қызығушылықтарын көрсете білді. Ұйымдастырушылар биология мұғалімі Чайковская Елена Леониддовна мен 11 сынып оқушылар Иванов Егор мен Леликов Игорьге шараны өткізуге ат салысқандары үшін алғыс білдірді
"Водополия" ойыны