"1, 5, 10 сынып оқушыларының бейімделуі" тақырыбындағы шағын педагогикалық кеңес
31 қазан күні "1,5,10 сынып оқушыларының бейімделуі" тақырыбында шағын педагогикалық кеңес өтті. Кеңестің мақсаты бірінші сынып оқушыларының мектептегі оқуға бейімделу деңгейін, 5, 10 сынып оқушыларының негізгі орта білім беру деңгейлеріндегі жағдайларға бейімделуін анықтау болып табылады. Сонымен бірге, оқушылармен жұмыс істеу барысында туындайтын негізгі проблемаларды талқылау, педагогикалық ұжымның, ата-аналар қауымдастығының, оқушылар ұжымының білім беру үдерісін оңтайландыру бойынша негізгі бағыттарын анықтау да сөз болды. 1, 5, 10 сынып оқушыларының табысты бейімделуі бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.