Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
53-57-39
email: sosh16@goo.edu.kz
Мекенжайы: Айманов к., 51
53-23-04 53-75-41
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі с 16:00 до 18:00 Жұма с 16:00 до 18:00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Еңбегімен құрметті ұстаз!
04-05-2012 03:46
Еңбегімен құрметті ұстаз!

Еңбегімен құрметті ұстаз!

   Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімге байланысты.Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушысы,маңызды тәлім –тәрбие өнегесінің бастаушысы ,бала қиялын самғатып,арманы көкке жетелейтін басты тұлға.

    Ауыр да жауапкершілігі мол кәсіпті таңдау ,өмірін осы жұмыспен байланыстыру тек қана ұстаз болып туған жандардың қолынан келетін іс.  «Жақсының жақсылығын айт-нұры тасысын» деп қазақ атамыз тегін айтпаған.Осындай жақсылардың бірі,ұстаз деген ардақты атын абыроймен ақтай білген біздің №16 лицей-мектебіміздің бетке ұстар қадірлісі Омаржанова Сәуле Құсайынқызы.

   Сәуле Құсайынқызы Абай атындағы №10 лицей мектебінде болысын,қаламыздағы №21 жалпы орта арнаулы мектепте бірінші қазақ сыныбын ашқан,қазақ тілі мен әдебиетінен көп жыл бойы сабақ беріп,1993 жылдан бастап оқу-ісінің үздігі Сапарғалиева Светлана Сергейқызымен 25 жыл бойы жұмыс істеген.

Қазіргі кезде Сәуле Құсайынқызы №16 лицей-мектебінің педұжымдық қатарында оқу-ісінің меңгерушісі болып жемісті еңбек етіп жүр .Өз ісінің шебері,парасатты,үлкенімен де,кішімен де тіл табыса алатын,жұмысына шығармашылықпен қарайтын білгір ұстаздың ,әріптестерінің арасында беделі зор.

  Сәуле Құсайынқызы –жоғары дәрежелі ұстаз,мектебіміздің мақтанышы,оқу-ісінің меңгерушісі ретінде өнегелі еңбегімен өз әріптестеріне үлгі көрсетумен бірге жас ұрпақты жаңа заманымызға сай қазақи рухта тәрбиелеп,сапалы білім беру жолында көптеген жұмыстар жүргізеді.

   Ол кісінің рухани байлығы ең алдымен балаға деген махаббаты жоғары адамгершілігінен байқалады.

   Сәуле Құсайынқызының бойында ерекше ұлтжанды болмысы мен дарындылығы ,білімі мен білігі,еңбекқорлығы ,қарапайымдылығы мен жігерлігі бар адам –бүгін біздің ортамызда,ертеңгі-зейнеткер.

  Тапжылмай 36 жыл ұстаздық еткен өмірінде мыңдаған шәкірттерді мектеп қабырғасынан тәрбиелеп шығарған аяулы әріптесіміз,білікті ұстаз Сәуле Құсайынқызы мамыр айында құрметті еңбек демалысына шығады.Үлгілі ұстазды туған күнімен құттықтай отырып,аддағы қмірінде әлі де сусындатып,сарқылмайтын денсаулық ,таусылмайтын бақыт тілейміз.

Құтты болсын мерейлі күн-шаттығың,

Тілек еттік көңілдің тек ақтығын.

Алда әлі талай ғұмыр бұйырсын,

Берсін Аллам өмір бойы  бақ күнін.

Ұстаз болып сіңірдің тек адалдық,

Көрсетпесін тағдыр ешбір жамандық,

Шаттық күнде көңіліміз марқайып,

Тілек еттік болсын ылғи амандық.

 

 

№16 лицей –мектебінің педұжымының ұстаздары.