3 ақпан айында өзін - өзі тану пәні бойынша «Өзін - өзі тану: махаббат пен Шығармашылык педагогикасы» атты Республикалық көлемінде декада басталды.
Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбаев
№ 16 лицей-мектебінде декаданы өткізу бағдарламасы: «Өзін-өзі тану сабағында шығармашылық және жоба жұмыстары» тақырыбы бойынша шебер-сағатын дайындайтын М.К.Алимова, И.Н.Лысенко; педагогикалық шеберлік есебін, қарым-қатынас жайлы тренингтерін өткізуге жауапты М.А.Коржова; өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар көрсетеді; Е.В. Николаева «Мен мамандықтар әлемінде» тақырыбы бойынша сыныптан тыс жұмысын ұсынады; Е.А.Щербина әңгімелесу сағаттарын жоспарлап отыр.
Бұл іс-шараларға оқушылар және мұғалімдермен қатар ата-аналарыда қатысады. Ата-аналарға қөптеген пайдалы ақпарат беріледі. Суреттер сайысына, жобаларға қатысуға шақырамыз. Қорытындысы 12 ақпан айында жасалады, белсенді қатысушылар грамота және дипломмен марапатталады.