22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та, Жер – Ана да, жан – жануар да түлейді, жаңарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезіп, адам баласына құт - береке, бақ – дәулет сыйлайды. Ұлы даланың төсінде қызғалдақтар құлпыра өсіп, бел – белестерге қызылды – жасылды кілем төселеді. Ұлан – байтақ Қазақстанның халқы жеті түрлі дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт – дәстүрлер, әдет – ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнін тойлайды.
2014 жылы, 17 және 19 наурыз айында, № 16 лицей- мектебінде де бастауыш сынып оқушылары арасында, «Салт -дәстүрлер» атты викторина, «Парасатты Әйкерім» - «Мисс Наурыз» атты сайыс және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушылар өздерінің алған білімдерін көрсетуге тырысып, жақсы жағынан көрінді. Сонымен қатар көрініске қатысып, қазақтың салт-дәстүрі бойынша білім мен өнерлерін көрсетті. Баршаңызға Наурыз амандық, қуаныш, жақсылық әкелсін!