2014 жылы 21 сәуір айында № 16 лицей - мектебінде, Кембридж бағдарламасы бойынша 3 – ші деңгейлі курсты өткен қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Ш. Қ Құрмашева және А. М. Сыздықова, қала көлемі бойынша семинар – коучинг ұйымдастырды. Семинардың тақырыбы « Жаңа әдіс – тәсіл арқылы диалогті оқыту» . Қатысушылардың арасында курсты өткен де, өтпеген де ұстаздар болды. Семинарда теория, тәжірибие жұмысы және әр – түрлі тренигтер ұсынылды. Ең басында, келген қонақтарға, Кембридж бағдарламасының жеті модулі бойынша призентация ұсынылды. Әсіресе қарастырылған сұрақтары замануи әдіс-тәсілдерге байланысты, сонымен қатар қазақ тілі пәнінде ерекше орын алатын – диалогтік оқытуға тоқталды. Тәжірибие кезеңінде мұғалімдерді қызықты тренинг арқылы, топқа бөліп таратылым ұсынылды. Берілген таратылымда тақырыпқа сай әр-түрлі тапсырмалар берілді. Семинарға қатысқан ұстаздар берілген тапсырмаларды белсене, қызығушылықпен орындады. Әр топ мүшесінің көңіл-күйлері жоғары деңгейде болып, постер, көрініс және басқа да берілген жұмыстарға, қызығушылықпен қатысуға тырысты. Семинардың соңында, қатысушылар бір жарым сағат уақыттың тез, байқалмай өтіп кеткені және де өздеріне керек, пайдалы, қызықты, мәліметтерді алған жайлы пікірлері мен ризашылықтарын білдірді. Келесі 2014-2015 оқу жылытәжірибимен алмасуға осындай семинарларды ұйымдастырып, жиі кездесуге келісті.
« Жаңа әдіс – тәсіл арқылы диалогті оқыту»