16 ақпан күні Павлодар облысының тумасы, Ұлы Отан соғысының Батыры Серікбай Мүткеновтің туғанына 105 жыл толады. №16 лицей-мектебінің кітапханасында даңқты батырдың мерейтойына арналған көрме ұйымдастырылып отыр.
Соғысқа дейін С.Мүткенов жан-жақты, терең білімді, зор талантты мұғалім болып еңбек еткен. Ал Ұлы Отан соғысы кезінде ол 38-армияның 136-ншы атқыштар дивизиясы 342-нші атқыштар полкінің артиллерия командирі болды.
Днепр үшін сұрапыл соғыста С.Мүткенов «...жаудың жаяу әскеріне қарсы дәл соққы берейік! Жауды тойтармайынша тоқтамаймыз, оларға Днепрдің суынан бір ұрттам да татырмаймыз!» деген ұран сөздерді айтып, фашистерге қарсы кескілескен ұрыс жүргізіп, алдына қойылған жауынгерлік міндетті бұлжытпай орындайды. Ол снаряд жарықшасымен қатты жараланады. Өкінішке қарай, жерлесіміз 34 жасында ерлікпен қаза тапты.