Ерлік даңқы ұмытылмайды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы шеңберінде 2 «б» және 5 «а» сыныптарының оқушылары С.М.Өтепованың, Е.Л.Чайковскаяның жетекшілігімен «Әскери даңқ» музейінде болды. Балалар соғыс жылдарындағы жәдігерлермен танысты. Жауынгерлердің жеке заттары мен әскери киімдері, жарақтары, майданнан келген хаттар және тағы да өзге жәдігерлер бойынша оқушылар мол мағлұматтар алды. Сонымен қатар соғыс уақытында біздің жауынгерлер жаумен ұрысқа түскен соғыс қаруларының түрлерін көзбен көріп тамашалау қызықты болды.