Отан қорғаушылар күні-бұл ерлік, құрмет және бейбітшілік мерекесі!
Осы атаулы күнді мерекелеу шеңберінде және оқушылардың азаматтық-патриоттық тәрбиесі үшін қолайлы, тиімді жағдайлар жасау мақсатында, "Балалар техникалық мектебі" КММ базасында қала мектептерінің оқушылары арасында Лего құрастыру бойынша "Techno land" қалалық байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша БТМ педагогтары қатысушылардың жұмыстарымен көрме ұйымдастырды. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталды:
1 орын – №25 ЖОМ Мұстафин Шыңғыс, 1 орын – № 29 ЖОМ Амандық Ботай,
2 орын – № 37 ЖОМ Төлеген Мадияр, 2 орын – № 14 ЖОМ Орлов Никита, Бесенов Дамир, Варварюк Андрей;
3 орын – Қ.Мақпалеев атындағы ЖОМ Нуриева Карина, 3 орын – №21 ЖОМ Сапарғалиев Шыңғыс, 3 орын – № 16 ЛМ Боранбай Ибрагим, 3 орын – № 43 ЖОМ Лезов Ярослав.
