Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

                                                                                 Мен ести отыра-ұмытамын

                                                                                 Көре отыра- есіме сақтаймын

                                                                                 Істей отыра- ұғынамын.

 

   Балалар техникалық мектебінде қосымша білім беру әртүрлі жастағы балаларды кең ауқымда қамти отыра,тегін және жалпыға қолжетімді негізде жүзеге асырылады.

   Техникалық мектеп 1952 жылы құрылып Жас техник үйі болып аталған, кейін оның атауын Жас техниктің облыстық станциясы деп ауыстырған, ал 1999 жылдың  19 қаңтарынан  бастап «Балалар техникалық мектебі» деп аталады.  Ол  балалардың техникалық модельдеуімен айналысатын  қала мен аумақтағы жалғыз мектеп.   

   Мектеп толығымен  тәжірибе біліктілігі мен білімнің жүйелілік  және комплекстік облысы ретінде техникалық және сәндік-қолөнер  шығармашылығын танытады. Балалар ғылыми-техникалық шығармашылығының қазіргі Ұшақ-,көлік-,кеме өндіріс пәндерінің модельдеуі мен құрастыруының   түрлі тәжірибесі мол жинақталған. Жаңа ақпаратты технологияларды игеру,стандартпен шектелмеген жаңа облыстағы білімдерді зерттеу, комплекстік  және шектеулі мамандандыруда да, балалардың ғылыми-техникалық және  сәндік-қолданбалы қызметінде жақсы жағдай жасайды.

   Балалар техникалық мектебі қызметінің негізгі бағыттары: ғылыми-танымдық және шығармашылық жұмыс, өнертапқыштық және рационализациялау, балаларды азаматтық пен патриоттыққа, өз Отанын-Қазақстан Республикасын сүюге тәрбиелеу.

Балалар техникалық мектебінің негізгі функциялары:

·            тәрбиелік- жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде  рухани, адамгершілікті дамыту  үшін  жағдай құру;

·           білімдік – қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;

·           дамыту- шығармашылық білімді,қисыннан ойлауды дамыту,жекелей өздігінен даму;

·          кәсіби -өзін-өзі анықтау процесінде балалар мен  жасөспірімдерді педагогикалық қолдау;

·           тәжірибелік- білім беру процесінің  нәтижесін көрсететін жарыстарды, конкурстарды, жәрмеңкелерді, есептік көрмелерді  және тәжірибелік қызметтің басқа да түрлерін ұйымдастырып өткізеді.

       Мектепте  балалар кеме,ұшақ, әскери техника модельдерін жасауды, сәндік-қолданбалы өнермен айналысуды, компьютерлер мен радиостанцияларды жөндеуді   жасап үйренеді.                                     

   Оқу жылының 1 қыркүйегінен 25 мамыр аралығында оқу-тәрбие процесі  8 бағыт бойынша  жұмыс жасайды, олар қызығушылықтары жағынан Павлодар қаласының 500 мектеп оқушылырын біріктіреді, ол оқушылардың қызығушылықтарына қарай өздігінен  сабақ түрін  таңдауларына  көмектеседі.

Оқушылар келесі  үйірмелерді таңдай алады:        

Техникалық бағытта:

  • Ұшақ үлгілерін жасау
  • Кеме үлгілерін жасау
  • Әскеритехника
  • Көлік үлгілерін жасау
  • Роботты техника
  • Фотовидео

 Техникалық бағыттағы шеберханада-әуе,-кеме,көлікмодельдеу, радиоэлектроника, фотовидео оқушылардың техникалық  ойлау қабілетін дамыту, станоктар мен жабдықтарды қолдана білу үшін   барлық жағдайлар жасалған; балалар мен жасөспірімдерде ғылым мен техниканың қайсібір саласына тұрақты қызығушылығын қалыптастыру. 

  Негізгі міндеттер – техникалық шеберлік туралы  алғашқы білімдерін қалыптастыру,тәрбиеленушілерді жастайынан еңбекке баулу,қолмен жұмыс жасауға үйрету. Қосымша бағдарламаларды жүзеге асыруда мектеп оқушылары фанера, пласмасса, метал ерекшеліктері туралы білім алады,негізгі жабдықтардың қолданысы, олармен жұмыс жасау ережесімен танысады,сызба, техникалық сурет,эскиз туралы алғашқы білімдерін алады,макеттер мен модельдерді көркемдік безендіру әдістерімен танысады. Балалар сабақ барысында ғылыми-зерттеулік,техникалық  жұмыстарға қатысады, өз қолдарымен әскери және азаматтық техника модельдерінің  үздік үлгілерін жасай отыра инженерлік ойлау тарихының дамуымен танысады.

    Әр сабақ – бұл жаңа құпиялардың ашылуы және материалдарды өңдеу ерекшелігі.

Сәңдік- қолданбалы өнер бағыты:

  • "Шебер қол"студиясы(ҚСШ)
  • "Сувенир"студиясы  (былғарымен,табиғи  материалдармен жұмыс)
  • "Флора"студиясы  (бисермен тоқу)
  • «Радуга» студиясы (ҚСШ, қағаз пластикасы)

   Сәндік қолданбалы өнер бағытының студиясында педагогтар балаларды былғарымен және табиғат материалдарымен, бисермен тоқуға,қағаз пластикасымен және квиллингпен жұмыс жасауды, оқушылардың эстетикалық талғамын дамытып,қоршаған әлемді бақылауға, ондағы көптеген  жақсы керемет жақтарын көруге  үйретеді.  

  Заманауи әлемде өз қолымен  жасалған бұйымдар жоғары бағаланады.                                                                                  

  Күнделікті өмірдегі мереке оны поэзиялық мәнділігімен көркейтіп, шығармашылық шаттық сыйлайды. Әр тәрбиеленушіні қызықты жұмыстар күтуде. Өз қолдарымен қолжетімді және қарапайым материалдардан  өте көп әдемі заттар жасауға болады.Біздің тәрбиеленушілер өздерінің көркемдік қиялдарын іс жүзінде көрсете алады, сәндік-қолданбалы өнердің әртүрлі техникаларымен танысады,өмірді жайлы етіп көркемдейді.

  Студия педагогының  міндеті- баланың елестетуін, ойлауын, қиялын, шығармашылық белсенділігін,жақсылықпен өз күшіне сенуін дамыту.

       Бағыттар бойынша негізгі оқу процесінен басқа, техникалық мектеп  еңбекті оқыту мұғалімдерімен, облыстық және қалалық мектептермен,педагогикалық колледж студенттерімен және педагогикалық кадрлар  біліктілігін арттыру институтымен әдістемелік және тәжірибелік жұмыстар жүргізеді.Студенттер,технологияның болашақ педагогтары  біздің мектеп базасында  әртүрлі техникалық және сәндік  қолданбалы өнер бағыттары бойынша тәжірибе өтеді.

    Біздің мектеп  балалар техникалық шеберлігінің барлық қалалық, облыстық, және республикалық көрмелеріне қатысып, ұшақ пен кеме жасау және сәндік-қолданбалы өнер көрмелеріне қатысады. Біздің балалардың  жұмыстары  мадақтау қағаздары, жүлделер, диплом мен медальдермен марапатталған. Біз туралы   облыстық және  республикалық газеттерден ,журналдардан оқып,жергілікті және республикалық теледидарлардан көруге болады,біздің жұмыстарымызды СНГ мемлекеті мен алыс шет елдері де біледі.         Біздің мектептің түлектері  өндірісте алған  білімдерін  тиімді қолданып, өз білімдерін колледждерде жоғарғы оқу орындарында,теңіз,әскери,жазғы училищелерде жалғастырады.

  Балалар техникалық мектебі  барлық жастағы балалармен  толығымен толтырылған. Балалардың қуанышты  жүздері мен  шебер қолдарын, олардың жеңістерін көріп қуану өте  керемет!Үлкен, жарық ғимаратта, жекелей оқу  өндірісіндегі кабинеттермен  мектеп әрқашан балаларға ашық.

Жадынама:

  • Сабақ кезеңі– аптасына 2-3 рет.
  • Сабақ ұзақтығы кіші топтарда(бірінші жылдық оқуда)  - 1сағат30 мин.,ортаңғы және ересек топтарда– 2сағат15 мин.
  • Үйірмелердегі  оқыту тегін.
  • Сабақ түске дейін және түстен кейін де болады.