Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Авиа үлгілерін жасау үйірмесі

   Авиациялық  үлгілеуавиациялық техниканы игерудің алғашқы кезеңі,қызықты техникалық спорт, зерттеуші ізденістері мен үлкен  авиацияға жол.Балалар техникалық мектебінде  үш авиа үлгілерін жасау үйірмесі бар.Толық ақпаратты  сіздер  авиа моделистер сайтынан ала аласыздар- http://modelism-pvl.kz/

 Жетекші: Соц Сергей Фёдорович

   Үйірмеде  мектеп жасындағы 3 сынып оқушыларынан бастап жұмыс жасайды.Оқу сабақтары теориялық және тәжірибелік бөлімдерден  тұрады.Авиа үлгілерін жасау  үйірмесі жұмысының негізі тәжірибелік сабақтар болып табылады. Үлгіні жасап қосуда  жас  ұшақ жасаушы үлгінің құрылымын және неліктен оның ұшатындығын, қозғалыс әрекеттерін, қандай физикалық заңдылықтармен негізделгенін білуі қажет.  

   Тек осында ғана, авиа үлгілерін жасау үйірмесінде, балалар өз үлгілерін жасау үшін  авиция туралы алғашқы білімдері мен  тәжірибелік дағдыларын алады.Ұшақ жасаумен айналыса отыра оқушылар қажетті еңбек дағдыларын алады; олардың авиация туралы армандары қызығушылықтарына айналады,  ал қызығушылықтары мамандық таңдауды анықтайды.  

  Авиа үлгісі, ең кішкентайы болса да, - ол өзінің құрылымдарымен,аэродинамикасымен, құрылымының мықтылығымен шағын ұшақ. Жақсы үлгіні жасау үшін «кейбір жағдайларды» білу қажет.Үлгіні жасау  моделисті тынымсыз ғылымға емес,  олардың өзара әрекеттесуіне апарады.Біртіндеп жаңа білімдер ала және тәжірибе ала отыра, балалар ұшатын үлгілердің  күрделі  және тамаша дизайндерін жасай бастайды.  Үйірмеге қатысушылар үшін  сүйікті ісімен айналысу техникалық спорт түрінің маңызды сабағына айналады,ұшақ үлгісіі осыған жатады.

   Әрине, техникалық мектеп шеңберінде  барлық кластар үлгісімен айналысуға мүмкіндік жоқ. Оған белгілі субьективті факторлар бар.Сондықтан  үйірмешілер ұшақ жасау спорты бойынша  ҚР Чемпионатының қағидасында  көрсетілген  кластар үлгілерін жасайды. Ал бұл аз емес,  әртүрлі категориялы модельдердің 14 классы. Оның барлығы (үлгілер) өздігінен қызықты және күрделі. Осындай күрделі және өте қызықты  жұмыс үлгілерін жасау үшін  бірнеше айлар мен  бір жылға дейін уақыт кетеді.

   Авиа үлгілерін жасау  үйірмесіндегі сабақтар  жас техниктардың  құрастыру, ұшатын үлгілерді жасау мен жіберу бойынша өздігінен шығармашылық еңбектерін дағдыландырады,жас авиамоделистерді ұшақ жасау негіздерімен таныстырады.

   Ұшатын үлгіні жасаудың қорытындысы –ұштыру.Ұшатын үлгіні көрудегі керемет сезім, жеткізбес эмоциялар,  өз қолдарымен жасаған үлгілер- еңбек пен шығармашылық ізденісте өткізген тынымсыз  уақыт пен еңбегінің жемісі!

    Білім процесінің нәтижесін бағалау үшін  мониторингтар,көрмелер,тәжірибелік жұмыстар, үлгілердің жұмыстары мен конкурстары қолданылады.