Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Ұстаз күні құтты болсын!
07-10-2023 10:37
Ұстаз күні құтты болсын!
 Әбусейітов атындағы қалалық мәдени демалыс орталығында ұстаздар күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, дәстүрлі түрде мерекелік концерт пен марапаттау рәсімі өтті. Қала әкімі Хасар Хабылбеков педагогикалық еңбек ардагерлеріне алғысын білдіріп, Қазақстанда және одан тыс жерлерде Павлодар облысын дәріптеген педагогтардың есімдерін атады. 
 Александр Николаевич Зозуляның есімі Павлодар қаласының білім беру қызметкерлерінің “Алтын есімдер” кітабына енгізілді. Жас педагогтар да атап өтілді! "Шабыт" номинациясы бойынша жеңімпаздар арасында біздің жас маманымыз, "Авто үлгілерін жасау" үйірмесінің жетекшісі Маричев Руслан Валерьевич те бар.
Біз ұстаздарымызды құттықтаймыз және мақтан тұтамыз!!!