Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Балалар техникалық мектебі» КММ Қосымша білім беру педагогының лауазымына конкурс жариялайды
12-10-2023 17:16
 «Балалар техникалық мектебі» КММ Қосымша білім беру педагогының лауазымына  конкурс жариялайды

1

Білім беру ұйымының атауы

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балалар техникалық мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Орналасқан  жері, пошталық мекенжайы

140013, Қазақстан Республикасы, Павлодарская область, Павлодар қаласы, Ломов к., 156/2

Телефон  нөмірлері,

8 (7182) 65-05-20  қабылдау бөлімі,  8 (7182) 21-89-80  вахта

электрондық пошта

dtsh@goo.edu.kz

2

Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктемесі

Қосымша білім беру педагогы, техникалық бөлімінің  «Радиотехника. Радиоэлектроника», «Цифрлы дизайн», «Фото дизайн» бағыттары бойынша, 18 сағат

Негізгі  функционалдық міндеттері

- қосымша білім беру саласында білім алушылардың әр түрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады;

-үйірмелердегі, секциялардағы, студиялардағы, клубтық және басқа да балалар бірлестіктеріндегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзімі ішінде сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;

-қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақ жоспарлары мен іс-шаралар бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

-белгіленген құжаттаманы жүргізеді;

-психофизиологиялық мақсатқа негізделген жұмыс формаларын, құралдары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауды қамтамасыз етеді;

- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін анықтайды, жеке      тұлғаның       дамуына,

білім   алушылардың,          тәрбиеленушілердіңбілім   алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді;

-білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дербес қызметін, оның ішінде зерттеу қызметін ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқытудың практикамен байланысын жүзеге асырады;

-білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды;

-білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесін бағалайды;

дарынды және талантты білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдайды;

-әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы іс-шараларға балалардың қатысуын ұйымдастырады;

-білім алушылардың, тәрбиеленушілердің каникулдық демалысын ұйымдастыруға қатысады;

-сабақтар өткізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі          қағидалардың сақталуын

қамтамасыз    етеді,   балалардың   өмірі   мен денсаулығын сақтауға жауапты болады;

-ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға, сондай-ақ педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді;

-әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің қызметіне, педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларға қатысады;

-жүйелі түрде кәсіби біліктілігін арттырады.

еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары

- еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес төленеді;

- арнайы орта білім (min): 115200теңге;

- жоғары білім (min): 128200теңге

3

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа

қойылатын біліктілік талаптары

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;

және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі-кемінде 5 жыл;

4

Құжаттарды қабылдау мерзімі

13.10.2023-23.10.2023

5

Қажетті құжаттар тізбесі

1) қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынғанэлектронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықтымекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымғақойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекітутуралы» ҚРДенсаулық сақтау министрінің міндетінатқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілгеннысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;.

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480;

6

Уақытша бос лауазымының мерзімі