Сапалы білім – болашақ кепілі / Тәрбиелік жұмыс және «Адал азамат» бағдарламасы Балалар техникалық мектебінде тәрбиелік жұмыс білім беру үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады. «Адал азамат» бағдарламасы аясында біз білім алушылардың бойында жауапкершілік, еңбекқорлық, адалдық және еңбекке құрмет құндылықтарын қалыптастырамыз. Біздің жұмыс бағыттарымыз: техникалық шығармашылық сабақтарында жауапкершілік пен тәртіпке тәрбиелеу; командалық жұмыс пен өзара көмекті дамыту; әлеуметтік, патриоттық және экологиялық жобаларға қатысу; қауіпсіз әрі адал еңбек мәдениетін қалыптастыру; тәрбиеленушілердің бастамашылдығы мен көшбасшылық қасиеттерін қолдау. Біз сенімдіміз: сапалы білім тұлғаны қалыптастырудан басталады. Адал азамат – болашаққа дайын, жауапты, еңбекқор әрі шығармашыл оқушы!
