Бұл күні «Жас қолөнерші» үйірмесінің тәрбиеленушілері шынайы ризашылықтарын білдірді
Бұл күні «Жас қолөнерші» үйірмесінің тәрбиеленушілері шынайы ризашылықтарын білдірді: Туған-туыстарына — өмір сыйлағаны, қамқорлығы мен шексіз қолдауы үшін. Ұстаздарына — даналығы, сабырлылығы және әрқайсымызға деген сенімі үшін. Достарына — шынайылығы, түсіністігі және әрдайым жанымыздан табылғаны үшін. Алғыс айту күні — Қазақстан үшін ерекше мереке. Бұл — жанымыздағы жандарды қадірлеуді, жылы сөз айтып, мейіріммен бөлісуді үйренетін уақыт. Жүрегімізде әрдайым алғыс, құрмет және жарқын сезімдер мекендесін.
