Балалар техникалық мектебінде көктемгі демалыс кезінде «Логика турнирі» өтті.
Балалар техникалық мектебінде көктемгі демалыс кезінде «Логика турнирі» өтті. Мектеп тәрбиеленушілері — турнир қатысушылары тоғызқұмалақ пен дойбы ойындарында өздерінің зияткерлік қабілеттерін көрсетті. Жарыс зейін, стратегиялық ойлау және жылдам шешім қабылдау дағдыларын сынайтын нағыз сайыс болды. Балалар ойынға үлкен қызығушылықпен қатысып, табандылық, шыдамдылық және жеңіске деген ұмтылыс танытты.
