Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары мен педагогтерінің Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы»
17-04-2026 10:03
«Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары мен педагогтерінің Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы»

Балалар техникалық мектебінің басшысы Байзакова А.О. Алматы қаласында өткен қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары мен педагогтерінің Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысына белсенді қатысты.

Отырыстың тақырыбы: «Балаларға қосымша білім беру жүйесін дамыту: қолжетімділік, сапа және іске асырудың жаңа тетіктері» – саланың жетекші мамандарын біріктіріп, қосымша білім беруді жаңғыртудың өзекті мәселелерін, оның сапасын арттыру және өскелең ұрпақты жан-жақты дамыту мүмкіндіктерін кеңейту жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.

Отырыс барысында Айнагүл Ольжибаевна «Қазіргі қосымша білім берудің негізі ретінде жобалық қызмет. Зерттейміз, зерделейміз, жасаймыз» тақырыбында баяндама жасап, онда жобалық тәсілдің білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын, креативті ойлауын және практикалық-бағдарланған құзыреттерін қалыптастырудағы тиімді құрал ретіндегі маңыздылығына ерекше назар аударылды. Баяндама қатысушылардың қызығушылығын тудырып, білім беру үдерісін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін талқылауға ықпал етті.

Отырыс аясында жүйені дамытудың перспективалық бағыттары, инновациялық тәсілдерді енгізу, сондай-ақ білім беру үдерісін ұйымдастырудың тиімді тәжірибелері қарастырылды.

Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, көтерілген мәселелердің өзектілігі және қосымша білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін кәсіби диалог алаңын ұсынғаны үшін ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз.