23 сәуір күні Ұлттық кітап күніне орай «Рукодельница» үйірмесінің тәрбиеленушілері танымдық іс-шараға белсене қатысып, өз білімдерін, қызығушылықтарын және ойлау дағдыларын көрсетті.
23 сәуір күні Ұлттық кітап күніне орай «Рукодельница» үйірмесінің тәрбиеленушілері танымдық іс-шараға белсене қатысып, өз білімдерін, қызығушылықтарын және ойлау дағдыларын көрсетті. Іс-шара барысында қатысушылар әдеби шығармалар мен ертегі кейіпкерлері бойынша сұрақтарға жауап беріп, кітап оқуға деген қызығушылықтары мен жаңа білімге ұмтылыстарын танытты. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
