Бүгін Павлодар қаласында «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында қалалық білім беру қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз конференциясы өтті. Бұл маңызды әрі мәні зор іс-шарада КММ «Балалар техникалық мектебі» ұжымының еңбегі ерекше аталып, жоғары бағаланғаны біз үшін үлкен мәртебе әрі қуаныш. Мекемемізге «Шығармашылыққа жетелейтін мекеме» номинациясы бойынша диплом және естелік кубок табысталды. Бұл марапат – педагогтердің еңбегіне, кәсіби шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне және тәрбиеленушілеріміздің техникалық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасауға деген ұмтылысына берілген жоғары баға. Ұжымымызды лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа идеялар, жарқын жобалар мен шығармашылық табыстар тілейміз!
