Ермексазбен мүсіндеу - баланың өз қолымен жасайтын кішкентай әлемі!
Сабақ барысында балалар пішіндермен және түстермен жұмыс істеуді, өз сюжеттерін ойлап табуды, ұсақ бөлшектерді байқауды және шығармашылық идеяларын ермексаз арқылы жүзеге асыруды үйренеді. Әрбір жұмыс өзіндік ерекшелігімен, қиялымен және көңіл күйімен дараланады. Тәрбиеленушілеріміздің шығармашылық үдерісі мен жұмыстарын сіздермен бөлісеміз! «Балалар техникалық мектебі» КММ
