Әр бөлшекте – шығармашылық!
КММ «Балалар техникалық мектебінің» сәндік-қолданбалы өнер үйірмесінің сабағында №2 мектептің оқушылары өз қолдарымен әдемі шаш қыстырғыштарын жасады. Балалар түстер мен сәндік элементтерді үйлестіруді, материалдармен ұқыпты жұмыс істеуді және өздерінің шығармашылық идеяларын жүзеге асыруды үйренді. Әрбір шаш қыстырғыш өзінше ерекше — жарқын, әдемі әрі үлкен ықыласпен жасалды. Жас шеберлеріміздің шығармашылық үдерісі мен жұмыстарының нәтижелерімен бөлісеміз!
