Отан-FEST: өнер және технология Республика күні қарсаңында «Техникалық модельдеу» үйірмесінде тәрбиеленушілерге арналған тақырыптық шеберлік сағаты өтті.
Педагог Ерёменко Марк Петровичтің жетекшілігімен балалар ағашпен жұмыс жасап, туған елімізге арналған шығармашылық жұмыстарын өз қолдарымен жасады. Шеберлік сағаты шығармашылықты, шеберлікті және Отанға деген сүйіспеншілікті тоғыстырды. Республика күні құтты болсын
