Отан-FEST: өнер және технология «Отан-FEST: өнер және технология» фестивалі аясында «Стендтік модельдеу» үйірмесінің тәрбиеленушілері Қазақстанға арналған тақырыптық экспозиция дайындады.
Балалар фанерамен жұмыс істеп, еліміздің танымал нышандары, сәулет өнері мен көрікті жерлері бейнеленген модельдер мен сәндік жұмыстар жасады. Әрбір жұмыс идея мен эскизден бастап дайын бұйымға дейінгі шығармашылық үдерістен өтіп, балалардың техникалық шеберлігі мен Отанға деген сүйіспеншілігін біріктірді. Өз қолымызбен жасаймыз – Қазақстаннан шабыт аламыз!
