EcoCraft — материалдарға екінші өмір сыйлаймыз! Кәдімгі картон түтікшені қажетсіз қалдық деп кім айтты?
Біздің жас шеберлеріміз мұның керісін дәлелдеді! Аздап жеңіл пластилин, кішкене қиял мен епті қолдар — міне, қарапайым картон түтікше нағыз өнер туындысына айналды! Сабақ барысында балалар шығармашылық қабілеттері мен қолдың ұсақ моторикасын дамытып қана қоймай, ең бастысы — қайта пайдалануға болатын заттарды бірден тастамай, оларға екінші өмір сыйлауды үйренді!
