Шығармашылық алаңы. Сурет салуды үйренеміз
"Шеберлер қаласы" жазғы онлайн жобасын жүзеге асыру шеңберінде Балалар техникалық мектебінде 22 маусымнан 10 шілдеге дейін онлайн режимінде бейнелеу өнері бойынша мастер-класс өтті.
Осындай сабақтардың мақсаты мен міндеттері - балаларды бейнелеу сауаттылығының негіздеріне үйрету; технологиялық білімді, үлгіден сурет салу дағдыларын қалыптастыру; өнер туындыларына эмоциялық-эстетикалық қарым-қатынасты тәрбиелеу; көркем ойлауды, көру жадын, кеңістіктік түсініктерді, бейнелеу қабілеттерін дамыту.
Біздің қала мектептерінің 100-ден астам оқушылары БТМ педагогтарының бейне-сабақтарын пайдалана отырып, қуана сурет салды. Мүмкін бұл шағармашылық біреу үшін өмір бойы ынта болады.


