"Шеберлер қаласы " жазғы онлайн жобасын жүзеге асыру шеңберінде Балалар техникалық мектебінде 3 шілде - 10 шілде аралығында қала оқушыларының шығармашылық жұмыстарының "Жаз бояулары" қашықтық қорытынды көрмесі өткізілді.
Көрменің мақсаты мен міндеттері: бейіндік лагерьдің дистанциялық жұмысы жағдайында белсенді шығармашылық білім беру ортасын құру, балалар мен педагогтардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашу, балалар мен жасөспірімдердің жаңа білім мен дағдыларды игеруі. Жоба қатысушыларының үздік жұмыстарын анықтау және көрсету.
Қорытынды көрмеге қаланың және облыстың жалпы білім беру мектептерінің 200-ден астам оқушылары қатысты.
Көрме қорытындылары бойынша жүлдегерлер "Балалар техникалық мектебі" КММ дипломдарымен марапатталды.


