Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Ұлы халықтың - ұлы Абайы»
12-08-2020 13:32
«Ұлы халықтың - ұлы Абайы»

Биыл Қазақстан ғана емес, бүкіл әлемдегі ағартушы қоғамдастық ұлы ақын, композитор, ойшыл, философ-гуманист Абай Құнанбаевтың туғанына 175-жыл толуын атап өтеді.

Балалар техникалық мектебінде ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн сынып сағаты өтті. Педагогтар өз тәрбиеленушілерін Абайдың өмір тарихымен, шығармашылығымен таныстырды. Қазақ халқының ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысы болғаны , оның шығармалары әлемнің 30-дан астам тілінде жарық көргені туралы және Абайдың Қара сөздері заманнан тыс көптеген адамдар үшін өмірдің басты кітабына айналғаны туралы айтылды.

Айтулы оқиғаға арналған іс-шараға 100-ден астам БТМ үйірмешілері қатысты.

Ұйымның YouTube арнасында А.Құнанбаевтың ұлы тұлғасының өмірі туралы фильмге сілтеме орналастырылған.