Телефон доверия
321242
Адрес: Лермонтов көшесі 98/1а
556978,550933
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі күні әр айдын ІІ және ІV аптасы сағат 16.00-18.00ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Баланың мектепке психологиялық дайындығы

Баланың мектепке психологиялық дайындығы

Алты жасар баланың мектепке дейінгі және мектеп аралығындағы жағдайының өзіндік психологиялық ерекшелігін анықтау болып табылады. Танымдық іс-әрекет түрлері жас ерекшеліктеріне сай дамығанын анықтау.

Баланың танымдық  қызығушылығын  білу- бала  жан-дүниесіне билік жүргізудің жолы.

            Баланың білуге деген құмарлығын қалай дамытуға болады? Ол үшін ата-ана не істеу керек?

            Баланың білуге деген құмарлығын дамыту ересектермен байланыс жасау кезінде ерекше қарқын алады. Ата-анамен қарым-қатынас кезінде бала өзін толғандырған  сұрақтарға жауап алуға тырысады, бірақ психологтардың зерттеулеріне қарағанда, сұраққа бірден жауап беруге тырыспау керек, баланы әр нәрстенің жауабын өзі ізденіп табатындай жағдайға жеткізу керек.

            Біз, ересектер балалардың қойған сұрақтарына көбінесе, жүрдім-бардым, жеңіл-желпі қарап жатамыз. Сұрағына жауап ала алмаған баланың ересектерден көңілі қалып, біртіндеп айналада қоршаған ортаға қызығушылықтары төмендей бастайды.

Құрметті ата-аналар, есіңізде сақтаңыз, сұрақ болмаған жерде  дүниені тану да, даму да болмайды.

Сондықтан да балаңыздың білуге құштар жүрегінен шыққан әр сұраққа мұқият қарап, ойланып жауап қайтарыңыз. Бала сұрақ берген  сәтте оған ұзын-сонар жауап айтудың қажеті жоқ, оның ұғымына сай қысқа әрі нұсқа жауап берсеңіз болады. Сұраққа жауап бере отырып, баланы ойлануға жетелеу керек. Шама келсе, баланы өзін қызықтыратын сұрақтарға жауапты сөздіктерден, балалар энциклопедиясынан іздену арқылы табуға жетуіне  тәрбиелеу керек.  Бала өзін қоршаған ортамен белсенді байланысқа түскенде ғана «Неге бұлай? Бұл қалай? Неліктен? Не себептен?» деген сияқты сұрақтар туындайды. Мұндай кездерде ата-ана баланың дамуына ықпал ететін, ол үшін жаңалық болып ашылатын сан алуан әрекет түрлерін ойластырғаны, ұйымдастырғаны жөн. Сол арқылы бала өзін тұлға ретінде таниды, өзі үшін маңызды жаңалық ашады. Ата-ана баласын табиғат аясына, хайуанаттар бағына, саябаққа ертіп апару арқылы олардың дамуын белгілі бір танымдық мақсатқа бағыттайды. Сонымен қатар ол баланы салыстыруға, талдауға, қорытуға, ой түюге итермелейді.

Мектепке психологиялық дайындығы

 1. Баланың мектепке жеке тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық дайындығы. Баланың жаңа әлеуметтік  орныққан орнын қабылдауы, оның оқушы ретінде мектепке жеке тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық дайындығының қалыптасуы.

2. Баланың мектепке дейіңгі кезеңдегі  қоғамдық орнын салыстырғанда қазіргі орны  жаңа ережелерді қабылдауды міндеттейді. Бұл баланың мектепке жеке тұлғалық дайындығында, мұғалімге және оқу әрекетіне, құрбыларына, туыстары мен жақындарына, өзінің-өзіне белгілі бір қатынаста көрінеді.

Баланың өзі-өзіне көзқарасы

Бала өзінің қабілеттерін, іс-әрекетінің нәтижелерін адекватты түрде өзін-өзі бағалау қажет. Өзін-өзі бағалауы жоғары болса, мұғалімнің айтқан ескертулерін дұрыс қабылдамауы мүмкін. Соның нәтижесінде «мектеп жаман», «мұғалім ызалы» болып көрінеді.

            Бала өзін және өзінің мінез-құлқын  дұрыс бағалау  керек.

Жоғарыда аталған баланың тұлғалық ерекшеліктері, оның жаңа әлеуметтік ортада тез арада икемделуін қамтамасыз етеді.  

            Баланың мектепте оқуға дайындығын анықтайтын

                              ата-аналарға сауалнама

1.Сіз қалай ойлайсыз, балаңыз 1-і сыныпқа барғысы келе ме?

2.Мектепте ол көп жаңалық пен қызықтыны біліп алам деп ойлай ма?

3.Сіздің балаңыз 15-20 минут уақытта өздігінен тынымсыз еңбектеніп бір іспен айнылыса ма? (Сурет салу, мозаиканы жинау, сомдау және т.б.)

4.Бейтаныс адамдар арасында сіздің балаңыз ұялмайды деп айта аласыз ба?

5.Сіздің балаңыз суретке сипаттама беріп, 5 сөйлемнен құрылған мазмұнды әңгіме  құрастыра алама?

6. Сіздің балаңыз жатқа тақпақтар біле ме?

7.Берілген зат есімді көпше түрде айталама?

8.Балаңыз буындап болса да оқима?

9.Балаңыз 1 ден 10 дейін тура және кері санай ма?

10.Бірінші ондықтан 1 ден қосып және азайта алама?

11.Сіздің балаңыз кішігірім өрнектерді ұқыпты көшіріп, торкөз дәптерге жай элементтерді жаза алама? 

12.Сіздің балаңыз сурет салуды, суреттерді бояғанды жақсы көре ме?

13.Балаңыз қайшы және желіммен жұмыс істей алама?(Мысалы, қағаздан аппликация жасай ма?)

14.Бес элементке бөлініп кесілген суретті 1 минутта тұтас бейнеге айналдыра алама?

15.Балаңыз үй және жабайы жануарларды біле ме?

16.Сіздің балаңыз қорытынды жасау біле ме? Мысалы, алма, алмұрт «жемістер» деп айта алама?

Әр сұраққа «иә» деп жауап берілсе, 1 ұпай саналады.

Егер де 15 және одан да жоғары ұпай болса, балаңыз мектепте оқуға дайын. Сіздің еңбегіңіз ақталды, келешекте оқу барысында қиыншылық пайда болса да, сіздің көмегіңізбен бала оларды оңай шешеді.

10-14 ұпай болса, сіз баланы дамытудың дұрыс жолындасыз. Ал сіз мақұлдамаған сұрақтар, өзіңізге  қандай жақтарға назар аударатынын көрсетеді.

Мақұлдаған сұрақтар саны 9және одан төмен болса, сіздің балаңыздың дамуына көп көңіл бөлу керек. Мектепте оқуға әлі дайын емес. Сондықтан, баланы жүйелі түрде мектепке дайындау керек. 

 

           Өз балаңыздың ерекшелігін тани біліңіз. Балаңыздың өзіндік «Менін» мойындаңыз және қолдай біліңіз. Оның маңыздылығын сездіруге тырысыңыз. Балаңыздың бастамалары мен дербес жасаған әрекеттеріне шынайы түрде қуана біліңіз.

           Адам баласының өмірінде қарым-қатынас маңызды орын алады, онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Әр адам дүниеге келгеннен бастап өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі. Баланың айналасын жылы қабылдауы үшін ата-анасының еңбегі ұшаң-теңіз.

           Бала үшін отбасы-басты ақпарат көзі, сондықтан бала өмірді алғаш отбасының ықпалымен таниды.

           Бала дамуы мен қалыптасуы өсімдік тәріздес, өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырмайды.