Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
321242
Адрес: Лермонтов көшесі 98/1а
556978,550933
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі күні әр айдын ІІ және ІV аптасы сағат 16.00-18.00ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Ата-аналарға арналған ереже!


Балабақша ережесі

1.       Балабақша аптасына 5 күн  7.00 бастап 19.00 сағ дейін жұмыс істейді. сенбі, жексенбі және жалпы мемлекеттік мереке күндері демалыс күндері болып есептеледі.

2. Ата-аналар балаларын тәрбиешінің қолына тапсыру керек. тәрбиешіні ескертусіз, сондай-ақ  16 жасқа толмаған жасөспірімдерге,  мас тұлғаларға баланы балабақшадан алып кетуге болмайды. 

3. Егерде сіз балаңызды қандай да бір күн тәртібі кезінде алып келсеңіз, баланы шешіндіріп қабылдау бөлмесінде үзіліске дейін баламен бірге тосыңыз.  

4. Бала  денсаулығына немесе басқа бір дәлелді себептерге байланысты балабақшаға келе алмаса, міндетті түрде балабақшаға хабарлап, ескертіңіз.   

5. Топтың тәрбиешілері сағ 8.30 дейін және кешке сағ 18.00 кейін Сізбен балаңыз туралы сөйлесуге дайын, ал басқа уақытта педагогтарды алаңдатуға болмайды.

6. Педагогтарға олардың жас ерекшелігіне қарамай Сіз және аты, әкесінің тегімен атау керек.  

7. Даулы және шиеленіскен жағдайларды балалар жоқ кезде шешу керек.

8. Барлық шешілмеген немесе сіздерді толғандыратың сұрақтар бойынша балабақша басшысына жолығуыңызға болады

9. Сіздерден, баланың қалтасында ұсақ, үшкір және кіретін заттардың болмауын қадағалауды сұраймыз.

10. Балаңызға өзімен бірге балабақшаға сағыз, кәмпит және т.б алып келуге рүұсат бермеуінізді сұраймыз.

11. Балаларға топтарда :бір-бірін ұруға және ренжітуге, басқа балалардың жеке заттарын және ойыншықтарын алуға, басқа балалардың еңбек нәтижелерін бұзуға болмайды. 

12. Бала балабақшаға 3 күн келмесе дәрігердің анықтамасымен келу керек, егер де ұзақ уақыт болмаса немесе жазғы демалыстан оралған жағдайда баланың денсаулығы туралы анықтама және гельмитке тексеру нәтижесі болу керек. 

13. Бала балабақшада ұзақ уақыт болмаған жағдайда баланың келетіні туралы келесі телефон бойынша хабарлау керек  550933

Естеріңізде болсын -  баланы уақытында әкеліп-әкету тәрбиелеу-білім беру үдерісін дұрыс жүзеге асыру үшін  маңызды.