Сенім телефоны
+77718507395
email: sosh1@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001 индексі, Павлодар қ., Малайсары батыр к.,3
Қабылдау бөлімі: 8 (7182) 62-60-18, оқу бөлімі: 8(7182) 62-10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әкімшілік

Исабаева Зарина Нурланқызы – директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, тарих мұғалімі

-   мектеп жұмысының жылдық жоспарын жасау;

-     «Жас мұғалімдер мектебі» жұмысын ұйымдастыру;

-   әдістемелік кеңестің, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына басшылық жасау;

-   ҚР «Тілдер туралы» Заңның орындалуы бойынша жұмыстар ұйымдастыру;

-  мектеп бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізу;

-   мұғалімдерін түрлі деңгейдегі конференция, семинарлар, ашық сабақтар, педоқуларға қатыстыру, өткізуін қадағалау

-  озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жинақтау және тарату;

-  мемлекеттік тілде БАҚ жұмысын ұйымдастыру;

-  мектеп бойынша тереңдетілген және  гимназия сыныптарын ашу, олардың білім деңгейін, сапасын қатаң бақылауға алу;

-  олимпиадалық резерв мектебінің жұмысын ұйымдастыруды,мектеп олимпиадаларын өткізу және қалалық,облыстық олимпиадаларға дайындықты сапалы түрде жүргізуін қадағалау;

-  ҰҚТ, мектепалды даярлық тобының жұмыстарын ұйымдастыру;

-  бастауыш сыныптар бойынша сыныптан тыс жұмыс жүйесін ұйымдастыруды назардан шығармау;

-  бастауыш, қазақ тілі бағытындағы сыныптарда тоқсандық,аралық, қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу, мониторинг жүргізу;

-  бастауыш мектеп бойынша мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз ету;

-  бастауыш сынып, қазақ тілі пәні бойынша КТЖ бекіту.

Приписнова Светлана Анатольевна – директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, орыс тілі мен әдебиет мұғалімі

-    мұғалімдерді аттестаттау;

-    мектептің оқу жоспарын құру

-    информатизация сұрақтары бойынша жұмысты ұйымдастыру;

-    Kundelik.kz және Bilimland сайттарының жұмысын қадағалау;

-    қазақ, орыс мектептеріндегі қоғамдық-гуманитарлық циклдерді басшылыққа алу,жұмыстарын талдау және кабинеттерінің эстетикалық тұрғыдан безендірілуін, санитарлық-гигиеналық нормаға сай болуын бақылау;

-    терендетілген пәндер бойынша бақылау жүргізу;

-    5-11 сыныптардың сабақ, факультатив, пәндік үйірме, қосымша сабақтар кестесін, мектеп бітіру және көшіру емтихандарының кестесін жасау;

-    бейіндік оқытуды ұйымдастыру, басшылыққа алу ,бақылау;

-    мұғалімдердің даярлық курста, семинар мен конференцияларда әдістемелік деңгейлерін, білімдерін көтеру, жетілдіру;

Зилкенова Жанар Муратовна – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, СӨС жұмысын ұйымдастыру, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

 

-    1-11 сыныптарының тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

-    жаппай оқыту бойынша есеп (қозғалыс), сынып жетекшілерді бекіту, сынып жетекшілердің  білімін жетілдіруін басшылыққа алу;

-    мектеп шағын ауданы бойынша балаларды есепке алу, мектеп жасындағы балаларды толық білім берумен қамту;

-    «қауіп топтағы» оқушыларды қатаң есепке алу;

-    тәртіп бұзушылықтың алдын алу кеңес жұмысын басқару(айына бір рет) ;

-    жазғы демалыс кезінде оқушылардың сауықтыруын және мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмысын ұйымдастыру;

-    балалар  ұйымының, мектепішілік және сыныптағы ата-аналар комитеттерінің, шолғындау жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық жасау;

-    7,8 сыныптарында кураторлық жұмысын атқару;

-    қоңырау кестесін жасау, мектеп бойынша, асханада, қабаттарда, тасымалдау автобусында мұғалімдер мен оқушылардың кезекшілігін ұйымдастыру;

-    мектеп жылдық жоспарын құру;

-    СӨС, наркопост, СПИД жұмыстарына басшылық және бақылау жасау.

СӨС қалыптастыру жұмысын ұйымдастыру; (барлық бағыттар бойынша);

-    СӨС мәселесі бойынша деректер банкісін қалыптастыру;

-    СӨС қалыптастыру мәселесі бойынша диагностика өткізу;

-    қалалық СӨС орталығымен тығыз байланыста болу;

-    СӨС бойынша есеп беру;