Исабаева Зарина Нурланқызы – директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, тарих мұғалімі
- мектеп жұмысының жылдық жоспарын жасау;
- «Жас мұғалімдер мектебі» жұмысын ұйымдастыру;
- әдістемелік кеңестің, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына басшылық жасау;
- ҚР «Тілдер туралы» Заңның орындалуы бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
- мектеп бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізу;
- мұғалімдерін түрлі деңгейдегі конференция, семинарлар, ашық сабақтар, педоқуларға қатыстыру, өткізуін қадағалау
- озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жинақтау және тарату;
- мемлекеттік тілде БАҚ жұмысын ұйымдастыру;
- мектеп бойынша тереңдетілген және гимназия сыныптарын ашу, олардың білім деңгейін, сапасын қатаң бақылауға алу;
- олимпиадалық резерв мектебінің жұмысын ұйымдастыруды,мектеп олимпиадаларын өткізу және қалалық,облыстық олимпиадаларға дайындықты сапалы түрде жүргізуін қадағалау;
- ҰҚТ, мектепалды даярлық тобының жұмыстарын ұйымдастыру;
- бастауыш сыныптар бойынша сыныптан тыс жұмыс жүйесін ұйымдастыруды назардан шығармау;
- бастауыш, қазақ тілі бағытындағы сыныптарда тоқсандық,аралық, қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу, мониторинг жүргізу;
- бастауыш мектеп бойынша мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз ету;
- бастауыш сынып, қазақ тілі пәні бойынша КТЖ бекіту.
Приписнова Светлана Анатольевна – директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, орыс тілі мен әдебиет мұғалімі
- мұғалімдерді аттестаттау;
- мектептің оқу жоспарын құру
- информатизация сұрақтары бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- Kundelik.kz және Bilimland сайттарының жұмысын қадағалау;
- қазақ, орыс мектептеріндегі қоғамдық-гуманитарлық циклдерді басшылыққа алу,жұмыстарын талдау және кабинеттерінің эстетикалық тұрғыдан безендірілуін, санитарлық-гигиеналық нормаға сай болуын бақылау;
- терендетілген пәндер бойынша бақылау жүргізу;
- 5-11 сыныптардың сабақ, факультатив, пәндік үйірме, қосымша сабақтар кестесін, мектеп бітіру және көшіру емтихандарының кестесін жасау;
- бейіндік оқытуды ұйымдастыру, басшылыққа алу ,бақылау;
- мұғалімдердің даярлық курста, семинар мен конференцияларда әдістемелік деңгейлерін, білімдерін көтеру, жетілдіру;
Зилкенова Жанар Муратовна – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, СӨС жұмысын ұйымдастыру, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
- 1-11 сыныптарының тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
- жаппай оқыту бойынша есеп (қозғалыс), сынып жетекшілерді бекіту, сынып жетекшілердің білімін жетілдіруін басшылыққа алу;
- мектеп шағын ауданы бойынша балаларды есепке алу, мектеп жасындағы балаларды толық білім берумен қамту;
- «қауіп топтағы» оқушыларды қатаң есепке алу;
- тәртіп бұзушылықтың алдын алу кеңес жұмысын басқару(айына бір рет) ;
- жазғы демалыс кезінде оқушылардың сауықтыруын және мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмысын ұйымдастыру;
- балалар ұйымының, мектепішілік және сыныптағы ата-аналар комитеттерінің, шолғындау жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық жасау;
- 7,8 сыныптарында кураторлық жұмысын атқару;
- қоңырау кестесін жасау, мектеп бойынша, асханада, қабаттарда, тасымалдау автобусында мұғалімдер мен оқушылардың кезекшілігін ұйымдастыру;
- мектеп жылдық жоспарын құру;
- СӨС, наркопост, СПИД жұмыстарына басшылық және бақылау жасау.
СӨС қалыптастыру жұмысын ұйымдастыру; (барлық бағыттар бойынша);
- СӨС мәселесі бойынша деректер банкісін қалыптастыру;
- СӨС қалыптастыру мәселесі бойынша диагностика өткізу;
- қалалық СӨС орталығымен тығыз байланыста болу;
- СӨС бойынша есеп беру;