Сенім телефоны
31-66-62
email: soshg9@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі 15:00 - 17:00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҰБТ-НЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

ҰБТ-ның жаңа форматы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің соңғы брифингінде түлектердің қорытынды аттестациясының өткізілуі және ЖОО-ға түсу принциптері туралы жаңа формат жарияланды. 2017 жылдан бастап түлектер мектептерде емтихандар тапсырып (орта мектеп бітіргені жөнінде аттестат және «Алтын белгі» алу үшін), ЖОО-ға түсу үшін емтихан және мемлекеттік гранттың бөліну жүйесі функциясын атқаратын ҰБТ тапсырады.

Бұл өзгерістер оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің ҰБТ-ны ЖОО-ға түсу емтиханы деп қана қабылдайтындары үшін енгізілді. Сондай-ақ бұған түлектердің білімдерін сай бағалай алмайтынымыз, көптеген ата-ана мен мұғалімдердің ҰБТ жадыны жаттықтырғанымен, оқушылардың сапалы білімін анықтай алмайды деген ойлары түрткі болды.    

Қатысушылардың саны ешқашан жүз пайыз болмаған. Жыл сайын ҰБТ-ға қатыспайтындар үлесі 30 пайызға жеткен. Бұл ҰБТ қорытындылары бойынша еліміздегі орта білімнің сапасы туралы тұжырым жасауға болмайтынын білдіреді.

ЖОО-на түсуге ниетті оқушылар үшін

Мектептерде қорытынды аттестация 5 пән бойынша өтеді:
1. Ана тілі және әдебиеті (эссе жазу).
2. Қазақ тілінде білім беретін мектептерде – орыс тілінен, ал орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр мектептерінде – қазақ тілінен (тест түрінде).
3. Қазақстан тарихы (ауызша емтихан).
4. Алгебра және анализ бастамалары (жазбаша)
5. Таңдалған пән бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс) – тест тапсырылады.

Жазбаша және ауызша емтихандар, сонымен қатар, тесттің жауап парақтары мектептердегі пән бойынша емтихан комиссиясы дұрыс жауаптар кодтары арқылы тексеріліп, бағалайды.   

Барлық емтихан оқу орнында – мектептерде өтеді.  Аттестацияның қорытынды мерзімі министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» (2017 жылдың 30 сәуіріне дейін) бұйрығы арқылы белгіленеді – шамамен 2017 жылдың 29 мамыры мен 9 маусым аралығы. Түлектердің мектеп бітіру кештері 2017 жылдың 15 маусымына дейін өткізілмек.

Аттестацияның қорытындылары туралы барлық материалдарды Ұлттық тестілеу орталығы білім басқармаларына жеткізеді. Білім басқармалары, өз кезегінде, құжаттарды мектептерге дейін жеткізеді.

ҰБТ жаңа форматы2 блоктан тұрады: 3 міндетті пән (математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (қорыта білу, салыстыра білу, т.б.  «Қазақстан тарихы») бойынша 20 тапсырма және 2 бейінді пәннен («Математика» + «Физика», «Математика» + «География», «Биология» + «Химия», «Биология» + «География», «Шет тілі» + «Тарих», оқыту тілі (қазақ немесе орыс) және әдебиет  + «Тарих», «География» + «Шет тілі», «Химия» + «Физика», «Тарих» + «Адам.Қоғам.Заң», шығармашылық экзамен) – 30 тапсырма.

Сауаттылық бойынша тапсырмаоқу арқылы талапкердің жалпылау, салыстыру, тұжырымдау және т.б. дағдыларын тексеруге бағытталған. Сауаттылықты тексеруге арналған тапсырмалардың ҰБТ-ге енгізілу себебі – студенттік оқуда түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеп, оларды сараптауға, сол көздерден алынған ақпараттарды салыстыруға және тұжырымдауға тура келеді. Демек, бұл дағдылар мектеп түлегінің алдағы білім алу барысында өте қажет болады.  

Бейінді пәндер бойынша тапсырмалар ұсынылған бес жауаптың ішінен тек жалғыз дұрыс жауабы бар 20 сұрақтан, сондай-ақ, көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауаптары бар 10 сұрақтан құралады. Бейінді пәндер бойынша тестілеу барысында бірнеше дұрыс жауаптары бар сұрақтарды енгізу арқылы талапкерлердің нақты тақырыпты қаншалықты меңгергендері анық көрінеді. Сонымен қатар, бірнеше жауап варианттары бар тесттер жауаптарды тек жаттап алып, немесе болжау арқылы беруге тосқауыл болады.

Жалпы 120 сұрақ қойылады.  Тестілеуге бөлінген уақыт 3 сағат 30 минутты құрайды. ЖОО-на түсу үшін бағаның ең төменгі шегі өзгеріссіз – 50 балл деңгейінде қалдырылды. Ең жоғары көрсеткіш – 140 балл (бейінді пәндер бойынша берілген дұрыс жауаптар есебінен). Тестілеуге қатысуға ниет білдіргендердің өтінімдері 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады.  ҰБТ өткізілу мерзімі – 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі аралық. ҰБТ-ді ақылы негізде тапсыру мүмкіндіктері де сақталып отыр – олар 2017 жылдың тамыз айы мен 2018 жылдың қаңтарында өткізіледі. ҰБТ барысында сыналатын барлық пәндер бойынша тапсырмалар үлгілері желтоқсан айында Ұлттық тестілеу орталығы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайттарында жарияланады.

«Алтын белгі» иегерлері, жалпы білімдік пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадаларының, сондай-ақ ғылыми жобалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ жалпыға бірдей негізде тапсырады. Алайда, тапсырған ест нәтижелері аталған жетістіктері жоқ талапкерлердің көрсеткіштерімен бірдей болған жағдайда, гранттарды бөлу кезінде олар басымдыққа ие болады. Жалпы білімдік пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиадаларының жүлдегерлері мен жеңімпаздарына ранайы гранттар бөлінеді.

 

ЖОО-на түсетін Техникалық және кәсіби білім орындарын бітірушілерге

Білімдерін ЖОО-да жалғастыру үшін техникалық және кәсіби білім орындарын бітірушілертапсыратын ТКТ (талапкерлерді кешенді тестілеу) талаптары де өзгерді. Бұған дейін колледж түлектері тестті мектеп білімі негізінде тапсырса, ТКТ-дің жаңа форматында колледждерде алынған білім ескеріледі.  Кешенді тестілеу барысында талапкерлер 60 сұраққа жауап береді: 20 тасырма – жалпы бейінді пән бойынша (бұл тапсырмалар арқылы базалық пән ойынша алынған академиялық білім деңгейі тексеріледі) және 40 тапсырма – бейінді пәндер бойынша (бұл тапсырмалар тереңдетілген академиялық білім дегейін, сондай-ақ, практикалық дағды мен ептіліктерін анықтауға бағытталған). 60 тапсырманы орындауға 100 минут уақыт бөлінеді.  

Жалпы бейінді пән– белгілі бір мамандықтар тобына арналған жалпы пән. Мысалы, барлық педагогикалық мамандықтар үшін жалпы бейінді пән – «Педагогика және психология негіздері», заңгерлік мамандықтар үшін – «Мемлекет және заң негіздері», ауыл шаруашылығы мамандықтары үшін – «Биология», т. с.с.

Бейіндіпән – нақты мамандықты игеруге қажетті пән. Мысал үшін,  болашақ математика мұғалимі үшін бейінді пән – «Математика», құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін – «Қылмыстық құқық», мал дәрігерлері үшін – «Жануарлардың анатомиясы және физиологиясы» т.с.с.

БҰЙРЫҚ 2018 ЖЫЛҒЫ 30 ҚАРАШАСЫ

ҰБТ-КТ ЖАУАП ПАРАҒЫН ТОЛТЫРУ

ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІ ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ

ҰЛТТЫҚБІРЫҢҒАЙТЕСТІЛЕУДІӨТКІЗУҚАҒИДАЛАРЫНА1-ҚОСЫМША

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ(НАУРЫЗ)

ЖОҒАРЫ БІЛІМНІҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРАТЫН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ

«ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІ ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2017 ЖЫЛҒЫ 2 МАМЫРДАҒЫ № 204 БҰЙРЫҒЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІҢ БЕЙІНДІК ПӘНДЕРІ КӨРСЕТІЛГЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТОПТАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ