Сенім телефоны
31-66-62
email: school9_pavl@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі 16:00 - 18:00 дейін сенбі 10:00 - 12:00 дейін
Бір жылда2791749
Бір айда252726
Бір аптада66650
Кеше4842
Тәулік415
Бірінші сынып оқушысына арналған

 № 9 гимназия-мектебі жалпы білім беретін 1 сыныптарға оқушылар  қабылдауды  хабарлайды.

Жалпы білім беретін сыныптарға құжаттарды  қабылдау

2019 жылғы  1 маусымнан  30 тамызға дейін жүргізіледі.

Дүйсенбі 9.00-ден  18.30-ға дейін
Сейсенбі 9.00-ден  18.30-ға дейін
Сәрсенбі 9.00-ден  18.30-ға дейін
Бейсенбі 9.00-ден  18.30-ға дейін
Жұма 9.00-ден  18.30-ға дейін

Түскі үзіліс 13.00-ден - 14.30-ға дейін

Қажетті құжаттар:

1.   баланың ата-анасынан немесе баланың өзге де заңды өкілдерінен өтініш;

2.    баланың тууытуралы куәлігінің көшірмесі;

3.   денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны);

4.   3 x 4 көлеміндегі фото – 2 дана.

 

Мектеп жасына дейінгі пәнаралық олимпиада

Болашақ бірінші сынып оқушылары  ата-аналарының назарына!!!

«Павлодар қаласы № 9 жалпы орта білім беретін  гимназия – мектебі»ММ мектеп жасына дейінгілер үшін пәнаралық «Құртақандай эрудит» олимпиадасының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Олимпиаданың мақсаты : ең қабылетті және ең жақсы дайындалған балаларды анықтау.

Қымбатты балалар!

Сендер әлі бала бақшасына барып жүрсіңдер, бірақта көп білесіңдер және қолдарыңнан көп нәрсе  келеді. Сендер биыл  бірінші сыныпқа баруға дайынсыңдар ма? Олай болса бұл сайыс сендер үшін!

Біз сендерге  қызықты тапсырмалармен  тамаша  олимпиада дайындадық.

Өз білімдеріңді  тексеруге және  басқа сендер сияқты қатысушылармен жарысуға дайынсыңдар ма?

Олимпиаданың өту тәртібі мен  кестесі ережеде  берілген. Танысуға болады..

Құрметті  ата-аналар және  олардың заңды өкілдері!

 Міндетті түрде  балаңыздың мектепте олимпиадаға қатысуна тапсырыс беру керек :

Дүйсенбі– жұма   сағат9.00 -18.00  аралығында

Сенбі -сағат 9.00 -11.00 аралығында

(сағат 13.00 -14.00 үзіліс)

Сізге қатысуға тапсырысты 2019 жылғы 30 мамырға дейін беруге болады.

Анықтау телефоны: 316664

 

Ереже

Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін пәнаралық олимпиада (6 – 7 жастағылар)

1) Осы Ереже мектепке дейінгі 6-7 жастағы балалар үшін пәнаралық «Құртақандай эрудит» олимпиадасын(бұдан әрі –Олимпиада ) ұйымдастыру мен  өткізу  тәртібін,Олимпиаданың ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді,Олимпиадаға қатысу тәртібін және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  анықтайды

2) Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері ең қабылетті  және дайынжығы ең жақсы балаларды анықтау, дарынды балаларға қолдау жасау үшін  қажетті жағдайлар жасау, ғылыми білімді насихиттау  болып табылады..

3)  Олимпиадаға   мектепке дейінгі 6-7 жастағы балалар  ерікті негізде  қатыса алады.

4) Олимпиада «№9 жалпы орта білім беретін гимназия- мектебі» ММ-да 2 турда  өтеді.

5) Қатысушылар 2019 ж. 30 мамырға дейін  қатысуға  өтініш бере алады.

6)Олимпиаданың өтутәртібі — 1 тур

Іріктеу: 2 июня 2019 ж. 2 маусым, сағат9.00

Қорытынды жасау  –  2019 ж. 03 маусым

Қорытындыларды сайтқа орналастыру– 04 июня 2019 ж. 04 маусым

Мектепке дейінгі 6-7 жастағы балалар үшін пәнаралық «Құртақандай эрудит» олимпиадасының бірінші айналымда 30-50 ұпай жинаған қатысушылары  екінші айналымға жолдама алады. .

-  2 тур(аудирование) жеке кесте бойынша өтеді.

2 турдың  өту мерзімі :   5 -26 маусым аралығында .

Қорытындылау: 2019 ж. 27 маусым

Қорытындыларды  сайтқа орналастыру–  2019 ж. 28 маусым

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау: 2019ж. 29 маусым, сағат 10.00  мәжіліс залы

7)Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысушының тапсырмаларды орындау барысында жинаған  ұпайлары  негізінде анықталады .

8) Жеңімпаздар мектепке дейінгі  балалар үшін пәнаралық «Құртақандай эрудит» олимпиадасының  Дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

9) Жүлдегерлер мектепке дейінгі 6-7 жастағы балалар үшін пәнаралық «Құртақандай эрудит» олимпиадасының  дипломдарымен марапатталады.