Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Кружок автомоделирования

Жетекшісі: педагог Маричев Руслан Валерьевич

   Үйірме жұмысының басты мақсаты- тәрбиеленушілірдің автокөлік ісіне деген қызығушылықтарын дамыту, политехника жағынан  нақты дағдылары мен білімдерін нығайтып бекіту, материал және құралдармен  жұмыс жасауды үйрету.Үйірмеде балалар ең алдымен  контурды автокөліктер мен аэрокөліктердің қарапайым модельдерін жасауды игереді.Одан кейін үйірмешілер қарапайым есептеулер жүргізіп, автокөлік модельдерінің әртүрлі және күрделі  түрлерін жасауды  үйренеді.

    Үйірме бағдарламасын жүреге асыру барысында тәрбиеленушілер  техникалық терминологияны, әртүрлі кластағы автомодельдер түрлерінің құрастыру әдістерімен,әртүрлі материалдарды дайындау технологиясымен танысады,модельді дайындауда әртүрлі технологияларды игереді.Үйірме тәрбиеленушілерінде  автокөліктерді жинау бойынша тәжірибе жұмысынан білімдер мен дағдылар қалыптасады, олар оқып, кейін модельдердің кестелері мен сызбаларын сызып, оқып білуді үйренеді, техникалық және танымдық шығармашылыққа,қиял,жасампаздық,модельді техниканы  көрмелер мен жарыстарға дайындай білуге деген мотивация дамиды.Оқу бағдарламасы теориялық және тәжірибелік бөлімдерден тұрады. Білім мен шеберлікті бағалау-ол техникалық шығармашылық  пен жарыстардың көрмесі.