Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
"Әскери техника" үйірмесі

Жетекшілер: бірінші санатты педагог  Зозуля Олег Александрович,  Тукаев Рафаиль Газинурович.

      Үйірме сабағында  балалар әртүрлі әскери техника түрлерімен, ол техниканы қолдану  тарихымен танысады, қолданыстағы модельдерді  жасауды үйренеді-САУ өздігінен жүретін пушкалар,танкілер,жүк көліктерін,борнетранспортерлер,зымыран құрылғыларын.Үйірменің мақсаты мен міндеті-тәрбиеленушілерді қолда бар материалдардан маекеттер жасауды үйрету,олдарды өңдеудің әртүрлі әдістерімен таныстыру; әскери техниканы,балалардың үйірмеде жасайтын макеттерін  қолданып жауынгерлік ерліктің негізінде  тәрбиеленушілерді  өзін-өзі азаматтық-патриоттық  тәрбиелеу.

    Үйірме бағдарламасы мектеп  оқушыларының  білуі қажет өзіне  қажетті теориялық  ақпараттармен  үйірмедегі тәжірибелік жұмысты қамтиды. Бағдарламаның  білім берудегі  теориялық  бөлігінің  негізгі мақсаты- тәрбиеленушілерге  техникалық модельдердің  жұмыс жасау принциптері мен құрылғыларын  түсіндіру,оқушыларды  нағыз әскери машиналар құрылғыларымен және оларды өндірістік жағдайда қолданумен таныстыру.  

    Үйірме сабағында балалар заманауи өндіріспен, технологиялық процестер сипатымен,энергетикамен және машина жүргізумен,кәсіпорындағы  еңбекті ұйымдастырумен танысады.Қойылған мақсаттарға орай сабақтарда әртүрлі әдістер қолданылады (ауызша,көрнекілік,тәжірибелік) және олардың  үйлесімділігі. Білім мен шеберлікті бағалау- ол көрмелер және техникалық шығармашылықтағы  сайыстар.