Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Кемпірқосақ» СҚӨ студиясы

Жетекшісі:бірінші санатты педагог З.Т.Макеева

Үйірмеде балалардың халық шығармашылығы мен салтына деген  қызығушылықтары артады. Еңбекке деген сапалы көзқарас қалыптасады,мақсатқа жетушілік,байқампаздық,өздігінен жұмыс жасау қалыптасады. Үйірме жұмысының  негізгі мақсаты-әртүрлі  заманауи  қолдан жасалған жұмыстар түрлері мен техникасы  арқылы  тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілетін дамыту. Берілген тақырыптар диапазаны қолданбалы шеберліктің  әртүрлі техникасымен  танысуға көмектеседі,өзінің сүйікті бағытын табуға көмектеседі.Сурет,сызу,үлгілеу және  макеттеу дағдылары қалыптасады. Сабақты жүргізу түрі: лексикалық,аралас,тәжірибелік,жобалық жұмыстар. Оқу сабақтары теориялық және тәжірибелік бөлімнен тұрады.

Бағдарламада: сөздік,көрнекілік,оқытудың тәжірибелік әдістері, илюстрация әдістері қолданылады. «Кемпірқосақ»студиясында балалар  квиллинг   (қағазды орау) техникасын үйрене алады,тұзды қамырды жапсыруды,матамен,керексіз материалмен жұмыс жасауды үйренеді.Бағдарламаны  іске асыру нәтижесін күту және тексерістің әдістері мен формалары ретінде  конкурстар,көрмелер,жұмысты ұжымдық талдау қолданылады.