Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Павлодар облысы Білім басқармасының Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балалар техникалық мектебі» КММ 2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары

2023 - 2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ «БТМ» КММ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мектеп жұмысының мақсаттары:

  1. Педагогикалық әлеуетті үздіксіз дамыту арқылы қосымша білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби шеберлігі мен кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру, қосымша білім беру педагогтерімен инновациялық оқыту технологияларын игеруі.
  2. Қосымша білім беру жүйесін дамыту және шығармашылық қызметті жандандыру арқылы тәрбиеленушілерді ынталандыру деңгейін арттыру бойынша педагогикалық ұжымның жұмысын жетілдіру.
  3. Сапаны бағалау критерийлеріне сәйкестік тұрғысынан оқу-тәрбие процесін жетілдіру.

2023-2024 оқу жылына арналған міндеттер

  1. Басқару саласында:
  • Білім беру жүйесі саласындағы заңнамалық актілерде ұсынылған тетіктерді пайдалана отырып, қосымша білім беру сапасын бағалау жүйесін жетілдіру.
  • БТМ-де дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмысты ұйымдастыру, тәрбиеленушілердің спорттық-техникалық жетістіктерін насихаттау арқылы білім беру процесіне қатысушылардың барлығының салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жетілдіру.
  • Білім алушылармен оқу-тәрбие жұмысында шығармашылық жобаларды жүйелі дайындауды және іске асыруды ұйымдастыру.
  • Өз жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген мұғалімдердің тәжірибесін тарату.
  • Тәрбиеленушілерді түрлі деңгейдегі байқауларға, фестивальдерге, көрмелерге, жарыстарға дайындауды жүйелеу.
  • Кабинеттердің, шеберханалардың материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалану жөніндегі жұмысты жетілдіру. Жергілікті мектеп желісінің жұмысын қамтамасыз ету және қолдау, заманауи байланыс құралдарының мүмкіндіктерін пайдалану: интернет, электрондық пошта, мектептің әлеуметтік желілері.
  • Конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, педагогикалық оқулар, курстық дайындық арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал ету.
  • Білім беру сапасын арттыру мәселелерін шешуде ата-аналар жұртшылығының тиімді жұмысын ұйымдастыру.

 2. Қосымша білім беру мазмұны саласында:

  • Рухани-адамгершілік даму, азаматтық және патриотизм, салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыру бағдарламаларын құру және жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру.
  • Тәрбиеленушілерді бейін алды даярлауды ұйымдастыру мақсатында бірлескен іс-шараларды өткізуге бағытталған жоғары оқу орындарымен, колледждермен ынтымақтастық нысандарын жетілдіру.
  • Қаланың қосымша білім беру мекемелерімен, қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық нысандарын жетілдіру.
  • Ұлттық тәрбиенің құндылықтары мен дәстүрлеріне негізделген адамгершілік, құқықтық, азаматтық-патриоттық тәрбиені жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру.