ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Психологпен сырласу
 Кумбаева Айжан Рахметоллаевна
Баланың балабақша жағдайына бейімделуі
  Баланың балабақша жағдайына бейімделуі (психолог кеңесі) Көпшілікке мәлім «балабақша жағдайына тез көнетін» және «балабақша жағдайын көп уақыт қабылдағысы келмейтін» балалар кездеседі. Баланың балабақшаға тез үйренуі үшін ата аналарға мынадай кеңес береміз: 1.     Баланы балабақшаға берер алдында оған  балабақша жайында жақсы мысалдар келтіру. 2.     Топтағы бірнеше баламен және олардың ата аналарымен жақын танысып, олар жайында баламен жағымды әңгіме құру. 3.     Балалар мерекелерін ұйымдастыруға қатынасу. 4.     Әр кез балабақшада өткен күн жайында сұрап әңгімелесу. 5.     Кешкі мезгілде жағымды жағдай жайлы, достарымен болатын кездесу,жаңа ойыншықтар, ойындар туралы әңгімелесу. 6.     Балабақшаға барар жолда мейірімді, сабырлы болу. Егер де бала анасынан ұстап, оны жібермеген жағдайда тәрбиеші баланы қалай жұбатады?  Психологтің ұсынысы: 1.     Баланың көңілін ашық, жылтыр заттар өзіне аударады, мысалы. Сабын көпіршіктері, шарлар. 2.     Топтағы ойыншықтарға назарын аударту. 3.     Саусаққа киетін ойыншықтарды алып баламен сөйлесу. 4.     Доппен ойын...
Әдіскер
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігі "QAZAQSTAN" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ "QAZAQSTAN" деген жазу – алтын түстес.     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні   Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев Жұмекен Нәжімеденов Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов   Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің...
Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту Психологтар балалардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін келесі жағдайларды бөліп көрсетеді: 1.     Бала дамуында ерекше сезімтал, әсершіл кезең деп шамамен 3-тен 12 жас аралығы саналады. Сондықтан баланың ақыл-парасат дамуының кемелдігі үшін осы кезеңді босқа өткізбей, толыққанды  қолдана білу керек. 2.     Баланың танымдық белсенділігі жоғары деңгейде болады. Осы қабілеттерінің дамуы үшін оның оқуға деген ұмтылысы, білуге деген талпынысы басты орынға шығады. 3.     Тәрбиенің тең құқылы жүйесі. Ата-ананың  балаға үстемдік жасауы, өз айтқандарын істетеіп, баланың ішкі пікірін есепке алмауы, санаспауы, баланың толыққанды дамуын тежеуші бірден-бір фактор болып табылады. 4.     Баланы интеллектуалдық тапсырмалар мен жаттығулар орындауға үйретіңіз. Бірақ баланың еркінен тыс мәжбүрлеу ешқандай нәтижеге қол жеткізбейді. Керісінше, оның қызығушылығын жойып, белсенділігін тежейді. 5.     Өз бетінше оқу. Бала 9 жасына дейін өз бетімен кітап оқып үйренсе, бұл баланың дамуын ары қарай ұштап дамыта түспек. 6.     Өзін жоғары бағалау. Бала өзін, өз  қабілеттерін жоғары бағаласа ғана, мақсат еткен, қолға алған кез-келген істе сенімді болады....
"Бала тілі-бал"
"Тілдер апаталығы" шеңберінде "Бала тілі -бал " тақырыбында отбасылық сайыс өткізілді .Сайыс барыснда ата - аналар балалармен тақырыпқа байланысты буклеттер жасады.Белсенді қатысқан ата-аналар дипломдармен марапатталды.
Баланың мектепке психологиялық дайындығы
Баланың мектепке психологиялық дайындығы Алты жасар баланың мектепке дейінгі және мектеп аралығындағы жағдайының өзіндік психологиялық ерекшелігін анықтау болып табылады. Танымдық іс-әрекет түрлері жас ерекшеліктеріне сай дамығанын анықтау. Баланың танымдық  қызығушылығын  білу- бала  жан-дүниесіне билік жүргізудің жолы.             Баланың білуге деген құмарлығын қалай дамытуға болады? Ол үшін ата-ана не істеу керек?             Баланың білуге деген құмарлығын дамыту ересектермен байланыс жасау кезінде ерекше қарқын алады. Ата-анамен қарым-қатынас кезінде бала өзін толғандырған  сұрақтарға жауап алуға тырысады, бірақ психологтардың зерттеулеріне қарағанда, сұраққа бірден жауап беруге тырыспау керек, баланы әр нәрстенің жауабын өзі ізденіп табатындай жағдайға жеткізу керек.             Біз, ересектер балалардың қойған сұрақтарына көбінесе, жүрдім-бардым, жеңіл-желпі қарап жатамыз. Сұрағына жауап ала алмаған баланың ересектерден көңілі қалып, біртіндеп айналада қоршаған ортаға қызығушылықтары төмендей бастайды. Құрметті ата-аналар, есіңізде сақтаңыз, сұрақ болмаған жерде  дүниені тану да, даму да болмайды. Сондықтан да...
Балабақша ұжымы
    Кунанбаева Рымгуль Муратбаевна 2 сәбилер "А" тобының тәрбиешісі: Мухамедиева Динара Лязатхановна 2 сәбилер "Б" тобының тәрбиешісі:   Шакарова Қарлығаш Жумажановна Ересек "Ә" тобының тәрбиешісі:   Сыздыкова Асель Сембаевна. Ортаңғы "А" тобының тәрбиешісі:   Кабаева Алма Кабдыкаримовна Ортаңғы "Ә" тобының тәрбиешісі:   Жакупбекова Рымтай Кабдылхамитовна Дене тәрбиесінің мұғалімі     Темирболатова Айсулу Жанайдаровна ағылшын тілі пәнінің мұғалімі     Бикибаева Гульжузум Анатольевна. Ересек "А"тобының тәрбиешісі     Молдахметова Мақпал Аскаровна. Даярлық тобының тәрбиешісі     Әліхан Ұлпан Аббасқызы.Ортаңғы "А" тобының тәрбиешісі     Балтабаева Қарлығаш Ертасовна. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі   Ахметбекова Айнұр Ерсайновна.Логопед   Кумбаева Айжан Рахметоллаевна.Психолог      
Әкімшілік
    Нурманова Калиаш Кабыкеновна.   меңгерушісі    Нурымжанова Диляра Ныгметжановна.Хатшы    
Негізгі бет
         Мекенжайы: Индекс 140005, Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі 27/1 Контакт: 8(7182) 55-98-37– басшы, 55-43-88 - бухгалтер, 8(7182) 55-95-20- вахта Электронды пошта: sad27@goo.edu.kz     Басшының м.а: Олжатаева Жұлдыз Боранбайқызы   Мектепке дейінгі ұйымның жұмыс тәртібі — 12 сағат, аптасына 5 күн. Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты: Күн сайын: сағат 09.00-18.00   Мекенжайға жету картасы
Балабақша туралы
Павлодар облысы білім беру басқармасының, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің, "Павлодар қаласының №27 сәбилер бақшасы-Дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорын       1. Ашылған күні: 2011 жылғы 05 шілде                                                   2. Біздің мекенжайымыз: 140005, Павлодар қаласы, Мәшһүр Жұсіп көшесі, 27/1 Басшы 8 (7182) 55-98-37 Бухгалтерия 8 (7182) 55-43-88 Вахта 8 (7182) 55-95-20 Факс 8 (7182) 55-98-37 Жұмыс уақыты: Аптасына 5 күн сағат 7.00-ден 19.00-ге дейін. Демалыс күндері: Сенбі, жексенбі Қуаттылығы - 190 орын. Балабақшада 8 топ жұмыс істейді Мемлекеттік тілде оқытатын кіші "А" тобы  -1 топ Орыс тілінде оқытатын ортаңғы "Б" - 1 топ    Мемлекеттік тілде оқытатын ортаңғы "А" тобы -1 Мемлекеттік тілде оқытатын ересек тобы - 1 топ   Орыс тілінде оқытатын ересек "Б" тобы -1  топ Орыс тілінде оқытатын мектепалды "Б" , "В" тобы  - 1 топ Мемлекеттік тілде оқытатын мектепалды "А" тобы - 1 топ     Балабақшада жабдықталған: дене шынықтыру залы музыка...
Біздің түлектер!
Республикалық "Қазақстан талантары" шығармашылық конкурсының жеңімпаздары Қалалық және облыстық конкурстар лауреаттары Біздің кішкентай жұлдызымыз- Игорь Фомин, Серик Мусалимовпен бірге концертте өнер көрсетті Гасюк Максим - Қалалық "Жауқазын" олимпиадасында 3-орын иеленді.   Деревягин Матвей - 1 орын Павлодар қаласының спорттық гимнастика бойынша турнирінің чемпионаты     
Медбике
   Медбике Сабырбекова Нургуль Сайлаухановна - жоғары білікті медициналық қызметкер. Білімі - арнайы орта. Тәжірибелі білікті маман. Балалармен жұмыс кезінде  сырқатты алдын-алу үшін денсаулық сақтау технологияларын тиімді және табысты пайдаланады.
Старшая группа "А" - "Гүлдерай"
Топта-30 бала 18 қыз,12 ұл бала. Топ ұраны: "Бала бақыт, бала -нұр"  .
Старшая группа "Б" - "Теремок"
Балалар саны: 33 бала Қыздар -14, Ұлдар - 19 Ұлттар өкілі бойынша: - орыс: 24 бала - қазақ: 4 бала - неміс: 2 бала - украин: 3 бала Туған жылдары бойынша: - 2012ж.т. – 6 бала - 2013ж.т. – 27 бала
Старшая группа "В" - "Ягодка"
Всего в группе 29 детей, из них 14 девочек и 15 мальчиков
Даярлық "А" тобы - "Теремок"
Топта  31 бала олардың 12-сі қыз бала, 19-ы ұл бала.  Біздің тобымыз көп ұлтты топ ( қазақтар, орыстар, украиндар, қырғыздар, немістер бар).  
ДАЯРЛЫҚ "Б" тобы - "ПАРОВОЗ"
    В группе 27 детей: 12 девочек и 15 мальчиков  
Ересектер "А" тобы - "Ботақан"
         В группе всего 30 детей, из них 21 девочек и 9 мальчиков
Средняя группа "Б" - "Кораблик"
  Все о группе: Общее количество детей 31 ребенка из них 16 мальчиков и 15 девочек