Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Балалардың суретіндегі «Алтын күз»
Балалардың суретіндегі «Алтын күз»

Ebilim.kz Республикалық әдістемелік сайты  "Алтын күз" атты  суреттердің онлайн байқауын ұйымдастырды. Байқауға Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Жігер" балалар және жасөспірімдер клубының "Жеңіс" бөлімшесінен  11 тәрбиеленуші қатысты. Олардың барлығы қосымша білім беру педагогі Шарипова Майгуль Владимировна жетекшілігіндегі «Асыл сөз» қазақ тілі үйірмесінің  тәрбиеленушілері.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды - 2 тәрбиеленуші, ІІ орынды - 2, ІІІ орынды - 7 тәрбиеленуші иеленді. Өздерінің суреттерінде балалар туған қаласындағы, саябақтағы, парктегі, көрікті жерлердегі күзгі сұлулық пейзажын бейнелеп,  өз сезімдерін сурет арқылы білдірді.

I орынды  "Саябақтағы күз" гуашьпен аралас техникасында салынған суретімен 3-сынып оқушысы Нұрмағамбетова Аина және "Күзгі ағаш"  атты  акварель және қарындаштармен аралас техникасындағы суретімен № 22 ЖОББМ,  2 сынып оқушысы,  Кабдуахит  Кәрім иеленді.

II орынды - № 22 ЖОББМ  2-сынып оқушылары Қияқ Нурай мен Найманова Нурия иеленді,  ІІІ орынды -  № 22 ЖОББМ 5 сынып оқушысы Ахметов Бахтияр, 2 сынып оқушылары Аркаева Айнур және Аркаев Ернұр,  5 сынып оқушысы, Ахметов Тамерлан,  № 39  орта мектебінің 1 сынып оқушысы Аралов Ерасыл, № 9 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Скиба Эвелина, № 17 ЖОББМ 3 сынып оқушысы Абдыман Нуррамазан