Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"NOMAD MMM" жекпе - жек сайысынан ашық чемпионат өтті.


2023 жылдың 25-26 ақпанында "Баянтау" спорт кешенінде, Павлодар облысы бойынша 14-15 жаспен 16-17 жастағы жасөспірімдер арасында  "NOMAD MMM" жекпе - жек сайысынан ашық чемпионат өтті.
Чемпионатқа Павлодар облысының барлық аумағының жас тарландары қатысты.
"Жігер" балалар - жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері бес медальды қанжығасына байлады, оның ішінде үшеуі алтын, екеуі күміс.
14 -15 жас санаты бойынша, №19 орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Мақсатұлы Арман және №2 орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Магзум Аңсар алғашқы орынды иеленді.
№37 орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Құттыбаев Данияр мен №24 орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Темір Мүсірәлі екінші орынды иеленді.
16-17 жас санаты бойынша Жоғарғы Басқару колледждің екінші курс студенті Нургазинов Алибек бірінші орынды жеңіп алды.
Балалардың бокспен айналысып жүргеніне бес жылдан асты, бокстан облыстық, республикалық, халықаралық сайыстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері.
Балалар жекпе-жек сайысында бірінші рет өнер көрсетті.
Соған қарамастан өте жақсы нәтиже көрсетті.
Енді балалар "NOMAD MMM" жекпе-жек сайысы бойынша ҚР- ның чемпионатына дайындалуда.
Балаларды сайысқа  Жаменкенов Ертай Хайруллинович жаттықтырып жүр.