Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодарлық жас боксшылар Ресейде он медаль жеңіп алды
Павлодарлық жас боксшылар Ресейде он медаль жеңіп алды

Новосибирск облысының Қарасұқ қаласында, РФ-да «Бокс есірткіге қарсы» деген ұранымен жасөспірімдер арасында бокстан жарыс өтті. Жарысқа Новосібір, Омбы, Барнауыл облыстарынан, Алтай өлкесінен 210 спортшы және Павлодар қаласының "Жігер" БЖК КМҚК 10 тәрбиеленушісі қатысты.

Муниципалдық турнирде «Жігер» БЖК тәрбиеленушілері 5 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды:

 Алтын медальді иеленгендер - Баймұрат Сұлтан, № 27 ЖОББМ 4 сынып оқушысы, Жүсіпов Әлішер № 37 ЖОББМ 2 сынып оқушысы; Теміржан Ибрагим № 5 ЖОББМ 4 сынып оқушысы, Оразбай Азамат, № 40 ЖОМ 4 сынып оқушысы; Мағзұмов Дидар Мақпалеев атындағы ЖОМ, 4 сынып оқушысы;

Күміс медаль иелері - Қабыш Нұрсұлтан, № 5 ЖОББМ 4 сынып оқушысы, Бейсембаев Мансур, № 5 ЖОББМ, 3 сынып оқушысы, Ерболат Дархан, № 5 ЖОББМ,  3 сынып оқушысы,;

 Қола медальді иеленгендер - Жакипов Дамир № 19 ЖОББМ 7 сынып оқушысы және Карле Герман, № 5 ЖОББМ 2 сынып оқушысы.

- Турнир жоғары деңгейде өтті, боксшылар бұл тапсырманы орындады, әсіресе ең жас боксшы Жүсіпов Әлішерді атап өткен жөн, ол өзінің барлық қарсыластарын айқын басымдықпен мерзімінен бұрын жеңіп шықты. Жақсы жекпе-жек техникасын Баймұрат Сұлтан көрсетті, сондай-ақ Теміржан Ибрагим мен Оразбай Азамат жақсы  жекпе-жек жүргізу тактикасымен таң қалдырды. – дейді бапкерлері Ертай Хайруллинұлы Жәменкенов, жекпе-жек және үшсайыс бойынша спорт шебері.