Қазақ қыздарының жүріс-тұрысына, сымбатына шолпы, шашбаудың тигізетін әсерін ашып көрсету. Шаш өсірудің тәрбиелік маңызын дәлелдеу мақсатында 1 "А" сыныбының сұлу қыздары шашбау тақты.
«Қазақ тілін оқытуда АКТ-ны қолдану мүмкіндіктерін кеңейту» атты семинар аясында оқушылардың озық ойлы, білімді, жан-жақты болуға үйрету және білімге деген қызығыушылығын арттыру, шапшаңдылыққа баулумақсатында 6 «А» сыныбында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік ойын өтті.Қаламыздың №6ЖОМ, №16ЖОМ, №29ЖОМ, №17ЖОМ, Жетекші жалпы орта мектептерінен әріптестеріміз келді
Мектебімізде Халықаралық әйелдер күніне арналған ауқымды іс-шара өтті. Жас ұстаздар қатысқан мерекелік іс-шара конкурс -концерт түрінде өтті.
Бүгін №30 мектебінде дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған арнайы техника және жабдықтар көрмесі өтті.
Бүгін №30 мектебінде дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған финалдық әскери-патриоттық эстафетасы өткізілді. Финалға 6 команда қатысты. Эстафета 4 кезеңнен тұрды: 1-кезең – арқанмен өрмелеу; 2-кезең – ОЗК кию; 3-кезең – өрт қолғабын жинау; 4-кезең – алғашқы медициналық көмек.
№ 25 мектепте робототехникадан "Менің роботым" деген атпен қалалық олимпиада өтті. Оған 61 команда 120-дан астам оқушы қатысты.
Мектебіміздіің 2 "А" сынып оқушылары Еркін Хафиза және Нұрлыбек Жамиля қалалық көркем гимнастикадан жүлделі орындар алды. Бүлдіршіндерімізге жеңістері көп болсын демекпіз!
Бүгін 3 "А" сыныбында математика сабағы ерекше өтті. Оқушылар ермексаздан және пластикалық таяқшалардан параллелепипед макетін жасады
"Ойзерек" республикалық білім порталы ұйымдастырған шығармашылық байқауға 10 "А" сынып оқушысы Белгожанова Айгерім қатысып 1 орынға ие болды.
9 "А" сынып оқушылары Мадиярова Айгерім және Мұқыш Марал "Ойзерек" республикалық шығармашылық байқауда 1 орынға ие болып, дипломдармен марапатталды.
Балалар, жасөспірімдер, ересек шығармашылығының "Жаңа жұлдыз 2019" атты VIII Халықаралық фестиваль-байқауында мектебіміздің 2"А" сынып оқушылары екінші орынды иеленді.
"Шаңырақ" жобасы аясында қазақтың ұлттық қолөнерін, музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар, ою-өрнектерін дамыту, қызығушылығын арттыру мақсатында біздің мектепте киіз үйді дайындау жоспарланған.
Махамбет Өтемісұлы шығармашылығына арналған "Дауылпаз ақын - ел мақтаны" Махамбет оқулары өтті.
М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайында "Жұлдыздар жарқырайды" жас астраномдардың облыстық слеті өтті.
Құс қанатындағы арман» қалалық акциясының қорытындысы бойынша «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында балалар - жасөспірімдер экология және туризм орталығында акция жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
№30 мектептің 8 "Б" сынып оқушысы, Зайцева Софияны Алматы қаласында өткен спорттық акробатика бойынша жеке жаттығуларда Қазақстан Республикасының чемпионатында және жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 2-орын алғаны үшін құттықтаймыз!!! Софияға тек қана алда жеңіс тілейміз!
